Сутөкпе, желдетпе және сығылма-ауалық қондырғылар

Кумыкова Татьяна Михайловна

Оқытушының портфолиосы

Есеркегенова Бекзат Жамбылқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән тау-кен кәсіпорындарының су ағызу, желдету және пневматикалық қондырғыларының құрылымын, жұмыс істеу қағидаттарын және пайдалану ерекшеліктерін зерттейді. Жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында қолданылатын сорғы, желдеткіш және компрессорлық қондырғылар қарастырылады. Жабдықтарды техникалық пайдалану, диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Қондырғылардың сенімділігін арттыруға арналған заманауи бақылау және автоматтандыру жүйелері зерттеледі.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Машина механикасы мен беріктігін талдау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттердің тау-кен механикасы аумағында, яғни шахтаның (кеніштің) оны пайдалану кезіндегі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін жабдықтар мен қондырғылар туралы жүйелі ғылыми және кәсіптік білім алуын және машықтануын қалыптастыру.
Міндет
  • - студенттерге сутөкпе, желдеткіш және сығылма-ауалық қондырғылар облысында теориялық негіз қалыптастыру; - қолданыстағы турбомашиналары түрлерінің құрылымдары туралы және олардың техника-экономикалық сипаттамалары туралы білім алу;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қазіргі заманғы машиналардың құрылысы мен ерекшеліктері жайында кешенді білім қалыптасытру, сонымен қатар нақты өндіріс жағдайындағы технологиялық үрдістерге қажетті техниканы тиімді таңдау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Керекті деректерді, білімді және мағлұматтарды түсіндіру. Есептеулерді негіздеу және тиімді параметірлерді тандау, кешенді сұрақтарға жауап таба білу. Табылған мағлұматтар негізінде қорытынды шығара білу және пікір қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Мағлұматтарды, идеяларды, мәселелерді, олардың шешімдерін, қортындыларын және оларды құрастыруға арналған білімдерді анық жеткізе білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Керекті деректерді, білімді және мағлұматтарды түсіндіру. Есептеулерді негіздеу және тиімді параметірлерді тандау, кешенді сұрақтарға жауап таба білу. Табылған мағлұматтар негізінде қорытынды шығара білу және пікір қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Алған білімнің және түсініктің негізінде жоғарғы дәрежеде өз бетімен оқуды жалғастыруға бейімділікті қалыптастыру.