Диэлектриктер мен жартылай өткізгіштер физикасы

Ерболатова Гульнара Уалхановна

Оқытушының портфолиосы

Баятанова Ляйла Болаткановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Осы курс аясында студенттер жартылай өткізгіш материалдарда жүретін негізгі физикалық үдерістерді, соның ішінде электрондар мен ақаулық күйлердің статистикасын, тепе-тең және тепе-тең емес заряд тасымалдаушыларының қасиеттерін, заряд тасымалдау механизмдері мен кинетикалық құбылыстарды оқып үйренеді. Ерекше назар жартылай өткізгіштердегі p–n ауысуларының физикасына, оптикалық және фотоэлектрлік эффектілерге, сондай-ақ біртекті емес, ретсіз және хаостық құрылымдардың физикалық қасиеттері туралы заманауи түсініктерге аударылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Механиканың физикалық негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты-жартылай өткізгіштерде болатын физикалық процестерді түсіну және басқа бағыттар курстарында зерттелген құбылыстарды түсіну үшін студенттерге диэлектриктер мен жартылай өткізгіштер физикасы туралы негізгі білім алу.
Міндет
  • Пәннің міндеттері: жартылай өткізгіштер мен жартылай өткізгіш құрылымдардың негізгі параметрлерін анықтау әдістерімен танысу; қатты денелердің аймақтық теориясының негіздерін меңгеру; жартылай өткізгіштер мен диэлектриктердегі физикалық құбылыстарды зерттеу; жартылай өткізгіш аспаптарды жасау технологияларымен және физикалық жұмыс принциптерімен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жартылай өткізгіштер мен диэлектриктердің негізгі физикалық құбылыстары мен заңдары, физикалық зерттеу әдістері; физикалық эксперимент жүргізу, жартылай өткізгіш аспаптармен жұмыс істеу, алынған мәліметтерді есептеу және өңдеу дағдылары болуы; әртүрлі физикалық ұғымдардың, заңдардың, теориялардың қолданылу шекарасын түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кәсіби салада жартылай өткізгішті физика және диэлектриктердің негізгі түсініктері мен заңдарын қолдану; жаңа физикалық принциптерді қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қоршаған ортаның заманауи физикалық картинкасын және ғылыми-техникалық дамудың күйін қарастыру; табиғатта және қоғамда жүріп жатқан техногенді процесстерді сипаттауда физикалық заңдар мен құбылыстар жайлы білімді қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ақпараттық процесстердің жүруіне қажетті техникалық және бағдарламалық заманауи ақпарраттық құралдарды қолдана білу, саладағы технологиялық процесстерді жүргізу мен ұйымдастыру үшін қажетті ғылыми және техникалық ақпаратты бағдарлай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми шығармашылық ойлауды және жеке тану ортасын қалыптастыру. Болашақтағы өзіндік қалыптастырудың жеке әдістерін таба білу, үздіксіз өзіндік кәсіби құзіреттілікті арттыру.