Физиканы оқытудағы инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект
Сипаттама: «Физиканы оқытудағы инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект» пәні физиканы оқытуда қолданылатын заманауи цифрлық білім беру технологияларын, интеллектуалды оқыту жүйелерін және жасанды интеллект құралдарын зерделеуге бағытталған. Пән аясында интерактивті оқу материалдарын, виртуалды зертханаларды, цифрлық білім беру ресурстарын және білім алушылардың жеке оқу траекторияларын әзірлеу әдістері қарастырылады. Жасанды интеллектті оқытудың тиімділігін арттыру, білімді бағалауды автоматтандыру және зерттеушілік дағдыларды дамыту мақсатында қолдануға ерекше назар аударылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Физиканы оқытудағы инновациялық технологиялар және жасанды интеллект» пәнін оқытудың мақсаты білім алушылардың физиканы оқыту үдерісінде заманауи цифрлық білім беру технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ инновациялық білім беру ортасын жобалау және тиімді оқытуды ұйымдастыру құзыреттерін дамыту болып табылады.
Міндет
- физикалық білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар туралы түсінік қалыптастыру;
- білім беру қызметіндегі жасанды интеллекттің жұмыс істеу қағидаттары мен мүмкіндіктерімен таныстыру;
- физиканы оқытуда цифрлық платформаларды, виртуалды зертханаларды және интерактивті ресурстарды қолдануға үйрету;
- жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып оқу материалдарын әзірлеу дағдыларын қалыптастыру;
- оқытуды дараландыру және білімді бағалауды автоматтандыру мүмкіндіктерін көрсету;
- заманауи білім беру ортасы мен цифрлық білім беру ресурстарын жобалау дағдыларын дамыту;
- білім алушыларды кәсіби педагогикалық міндеттерді шешуде инновациялық технологияларды қолдануға даярлау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- физиканы оқытуда қолданылатын заманауи инновациялық технологиялар мен цифрлық құралдар;
- білім беру қызметіндегі жасанды интеллектің негізгі принциптері, әдістері мен мүмкіндіктері;
- цифрлық білім беру ресурстары мен интерактивті оқу материалдарын әзірлеудің заманауи тәсілдері;
- виртуалды зертханалардың, симуляторлардың және зияткерлік оқыту жүйелерінің мүмкіндіктері;
- жасанды интеллект технологиялары негізінде оқытуды дербестендіру (персонализациялау) және білімді бақылауды автоматтандыру принциптері;
- білім беруде жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық және құқықтық аспектілері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- физиканы оқыту процесінде заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану;
- зияткерлік технологияларды пайдалана отырып, оқу материалдарын, тест тапсырмаларын және білім беру ресурстарын әзірлеу;
- оқу процесін ұйымдастыру үшін виртуалды зертханалар мен цифрлық симуляторларды пайдалану;
- оқу нәтижелерін талдау және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану;
- инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, физика бойынша сабақтарды жобалау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- физикалық білім беруде инновациялық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігін талдау;
- цифрлық білім беру ресурстары мен зияткерлік оқыту жүйелерінің сапасын сыни тұрғыдан бағалау;
- педагогикалық міндеттерді шешу үшін цифрлық құралдарды таңдау бойынша негізделген шешімдер қабылдау;
- білім беру практикасында жасанды интеллектіні пайдаланудың педагогикалық, техникалық және этикалық аспектілерін бағалау;
- білім беру деректерін және оқу нәтижелерін талдау негізінде уәжді (дәлелді) қорытындыларды тұжырымдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- білім беру қызметінде цифрлық коммуникация құралдарын тиімді пайдалану;
- оқу жобалары мен зерттеулердің нәтижелерін ауызша және жазбаша нысанда ұсыну (таныстыру);
- заманауи білім беру платформалары мен цифрлық сервистер арқылы білім алушылармен және әріптестермен өзара іс-қимыл жасау;
- физика, педагогика және жасанды интеллект саласындағы кәсіби терминологияны қолдану;
- цифрлық білім беру ортасында бірлескен жұмыс пен жобалық қызметті ұйымдастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын өз бетінше меңгеру;
- заманауи ғылыми және білім беру көздерінен ақпаратты іздеуді, талдауды және жүйелеуді жүзеге асыру;
- кәсіби құзыреттіліктерді жетілдіру үшін өзін-өзі тарбиелеу (өз бетінше білім алу) технологияларын пайдалану;
- цифрлық білім беру және білім беру технологиялары саласындағы өзгерістерге бейімделу;
- білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында үздіксіз кәсіби даму дағдыларын қолдану.