MATLAB пакетіндегі физикалық процестерді компьютерлік модельдеу

Тезекпаева Шынар Толегеновна

Оқытушының портфолиосы

Нурекенова Арайлым Солтахановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс физикалық процестерді компьютерлік модельдеудің негіздерін оқуға арналған. Әрбір дәріс тақырыбы теориялық материалды, физикалық процестердің компьютерлік модельдерін құруда қолданылатын математикалық әдістердің сипаттамасын, физиканың іргелі заңдары негізінде модельдер құруды, MATLAB бағдарламасында күрделі объектілерді компьютерлік модельдеуді, сондай-ақ өздігінен орындауға арналған тапсырмаларды қамтиды.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Математика 1

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерде физикалық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, MATLAB ортасында есептеу модельдерін әзірлеу және зерттеу, сондай-ақ техникалық физика есептерін шешуде сандық әдістерді қолдану.
Міндет
  • Студенттерге физикалық процестерді математикалық модельдеудің негіздері бойынша терең білім қалыптастыру; математикалық әдістер мен MATLAB бағдарламасын пайдалана отырып, техникалық физика есептерін шешу және талдау дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - модельдеу саласындағы негізгі білім; - физикалық процестерді компьютерлік модельдеуді білу; - математикалық модельдеудің негізгі критерийлері және олардың көмегімен табиғи-физикалық табиғат объектілерінің математикалық модельдерін құру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • математикалық әдістер мен компьютерлік бағдарламалар көмегімен нақты есептерді шешуге және талдауға арналған математикалық модельдеу саласында қолданылады
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - зерттелетін процесс немесе құбылыс туралы түсініктерді қалыптастыру; - заманауи ғылыми көзқарасты қалыптастыру және олардың кәсіби қолданбалы дайындығын жетілдіру. - студенттердің ғылыми ойлауын дамыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - топта жұмыс істей білу, өз көзқарасын дұрыс қорғай білу, жаңа шешімдер ұсына білу; - өндірістік және технологиялық процестерге заманауи математикалық және компьютерлік модельдерді талдау және жобалау бойынша жобалық қызметке дайындық.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - ғылыми-техникалық есептерді математикалық модельдеу критерийлерін таңдай білу, процестерді математикалық теңдеулермен сипаттау; - процестің математикалық моделін сауатты құру, сандық әдістерді таңдау, оны дискретизациялау әдістерін таңдау және ДК көмегімен сандық есептеу алгоритмін құру дағдыларына ие болу; - компьютерлік модель құру, сандық модельдеу нәтижелерін талдау; - күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдерді алу және магистратурада үздіксіз білім алу; - кәсіби және жеке өсуге ұмтылу.