Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Сипаттама: Пән инвестициялық қызметтің тиімділігін бағалау, инвестициялық жобаларды негіздеу және ғылыми зерттеу әдістерін қолдану саласында білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Жобалардың экономикалық тиімділігін талдау, тәуекелдер мен белгісіздікті бағалау, қаржыландыру көздерін таңдау, инвестициялық көрсеткіштерді есептеу, деректерді жинау, өңдеу және интерпретациялау тәсілдері зерделенеді. Пәнді меңгеру білім алушыларға инвестициялық шешімдер бойынша негізделген аналитикалық материалдар дайындауға және инвестициялық жобаларды бағалау нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қаржыға кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студенттердің кәсіпорынның инвестициялық қызметі , аталған сферада басқарушылық шешімдер қабылдауы, сонымен қатар инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау және жобалау бойынша, қаржыландыру тәсілдерін таңдауда тәжірибелік дағдылар алу, аумағында кешенді экономикалық білім алулары.
Міндет
- студенттердің барлық инвестициялық - қаржылық категориялар мен ұғымдар туралы теориялық дайындығын қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік-экономикалық мазмұны мен мәнін түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі категорияларын; кәсіпорынның инвестициялық қызметін тұрақтандырушы заңды және нормативтік актілерді; «инвестициялық жоба» ұғымын және инвестициялық жобаның өмірлік цикілінің мазмұнын; инвестицияны экономикалық бағалау әдістерінің мазмұнын білулері керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- 11. Тиімді экономикалық жобаны таңдау бойынша шешімдер қабылдай білуі. 2. инвестициялық жоба құра білуі немесе оны жасауда қатысуы. 3. инвестициялар тиімділігінің бағасы үшін ақпараттық және компьютерлік техникаларды қолдануы. .
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Арнайы экономикалық терминдерді, кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тәуекелін талдау әдістемесін, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін меңгерулері керек. Белгісіздік жағдайында шешімдерді қабылдауға қабілеттілігі және оған деген жауапкершлік.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Пікір аламсуда өзін өзі игеруге қабілеттілігі, комммуникациялық жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және бейімделе білу қабілеті, оз ойын сауатты құрастыра білуі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.