Машина жасау технологиясы
Сипаттама: Пәнді оқу барысында білім алушылар сапаға, дәлдікке және өндірістің экономикалық тиімділігіне қойылатын талаптарды ескере отырып, машина бөлшектерін механикалық өңдеудің технологиялық процестерін әзірлеу және жобалау әдістерін меңгереді. Дайындамаларды алу тәсілдерін, өңдеудің технологиялық маршруттарын, металл кесетін жабдықтарды, технологиялық айлабұйымдар мен кескіш құралдарды таңдау мәселелері қарастырылады. Өңдеудің ұтымды режимдерін таңдау, технологиялық операцияларды нормалау, типтік және топтық технологиялық процестерге арналған технологиялық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу қағидаттары зерделенеді. Пәнді игеру нәтижесінде машина жасау өндірісін технологиялық дайындау саласындағы кәсіби құзыреттер қалыптасады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студенттердің топтық және типтік бөлшектерді механикалық өңдеудің технологиялық процестері туралы білім алуы
- Студенттердің топтық және типтік бөлшектердің технологиялық процестерінің әдістері туралы білім алуы
- Топтық және типтік бөлшектер үшін технологиялық құжаттарды құрастыру бойынша студенттердің білім алу
Міндет
- Бөлшектер тобына арналған механикалық өңдеудің технологиялық процестерін әзірлеудің заманауи әдістерін зерттеу
- Топтық және типтік бөлшектерді алудың қазіргі заманғы әдістерін білу
- Топтық және типтік бөлшектерге арналған қазіргі заманғы технологиялық құжаттармен танысу
- Механикалық өңдеу сапасын бақылаудың заманауи әдістерімен танысу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Студенттердің технологиялық процесстерді механикаландыру. Автоматтандыру бағытында бөлшек өндеудің қазіргі заманға сай тәсілдерімен таныстыру
- Типтік және топтық бөлшектерді алудың заманауи әдістері
- Заманауй технологиялық құжаттар
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Механикалық өңдеудің технологиялық процесін құру
- Ары қарай практикалық қызметте техпроцессті құру дағдыларын қолдану
- Технологиялық құжаттарды дұрыс безендіру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Мезханикалық өңдеудің оңтайлы технологиялық үдерісін таңдау
- Бөлшектерді алудың ең тиімді әдісін таңдау
- Жаңа технологиялық құжаттарға технологиялық үдеріс әзірлеу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Негізгі құзыреттер: Бастапқы және жаңа жетістіктерді қолдана білу қабілеті, - өндірістік жағдайларда ұйымдық-басқару шешімін қабылдай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Студенттердің курстық жоба мен үш практикалық жұмыс орындау есебінде ЕСТД стандарттарына сәйкес ресімдеуімен материал шығын нормасы, уақыт нормасы, кесу режимін есептеумен құрастыру бірлігін және нақты бөлшектерді жасау бойынша бастапқы практикалық қабілет алуы
- Жарамды бөлшекті алу тәсілін таңдау
- Технологиялық құжатты әзірлеу