Python бағдарламалау тіліне кіріспе

Тлебалдинова Айжан Солтангалиевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Python бағдарламалау тілінің курсы негізгі ұғымдарымен және ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік береді. Тілдің негізгі конструкциялары, кірістірілген функциялары, модульдер мен пакеттерді құру, функционалды бағдарламалау құралдары, деректермен жұмыс істеуге арналған Python-ның негізгі кітапханалары қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Информатика в объеме средней школы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Python бағдарламалау тілінің негізгі ұғымдары мен құралдарын меңгерту, алгоритмдік ойлау дағдыларын қалыптастыру және практикалық есептерді бағдарламалау арқылы шешуге үйрету.
Міндет
  • Python тілінің синтаксисін, негізгі деректер типтерін, басқару құрылымдарын, функциялар мен деректер құрылымдарын меңгерту.
  • Есептерді алгоритмдеу, мәселені қою және оны бағдарламалық түрде шешу дағдыларын қалыптастыру.
  • Python құралдарын пайдаланып практикалық есептерді шешуге арналған бағдарламаларды әзірлеу, тестілеу және нәтижелерін талдау дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Python бағдарламалау тілінің негізгі ұғымдарын, синтаксисін, деректер типтерін және негізгі басқару құрылымдарын білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Python құралдарын практикалық есептерді алгоритмдеу және бағдарламалық шешімдерді әзірлеу үшін қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Есепті шешудің тиімді тәсілдерін таңдау, бағдарламаның орындалу нәтижелерін талдау және бағалау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Бағдарламалық шешімдерді түсіндіру, алынған нәтижелерді ұсыну және топта тиімді жұмыс істеу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Python бағдарламалау бойынша білімін өз бетінше жетілдіру, жаңа құралдар мен технологияларды меңгеру қабілетін қалыптастыру.