Адам бол

Баталова Жанна Владимировна

Оқытушының портфолиосы

Аубакирова Алида Камбаровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән Абай мұрасында көрініс тапқан өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі қамтамасыз ету идеяларын зерделеу негізінде тұтас әрі кемел тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында азаматтық жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, қазіргі экономикалық-құқықтық және әлеуметтік-мәдени ортада негізделген шешімдер қабылдау мәселелері қарастырылады. Инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға, білім беру және кәсіби қызметте тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тиімді коммуникация және әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Әлеуметтану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жобаны қорғау түріндегі емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Жалпы білімдік пәндер

Мақсат
  • "Адам бол" курсының мақсаты Абай Құнанбаевтың "Адам бол"моральдық-адамгершілік тұжырымдамасы туралы білім алушылардың жан-жақты білімін қалыптастыру болып табылады.
Міндет
  • Абай дәуіріндегі оқиғалар туралы білімді жүйелеу және оның дүниетанымын қалыптастыру; Абайдың мұрасын зерттеу негізінде студенттердің бойында зерттеу қабілеттерін дамыту және зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру; Абайдың «Қара сөздер» еңбегі арқылы қазақстандық қоғамды шоғырландыру үшін идеялық және рухани негіз құру; Абайдың әлемдік және отандық тарих контекстіндегі ерекше және маңызды орны мен рөлін анықтайтын қағидаларды ашу; Абай дәуірі мен қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты жеке тұлғаның адамгершілік ұстанымын тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Абай дәуіріндегі құбылыстар мен оқиғаларды сыни талдау арқылы адамзат қоғамының дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Білімдер мен түсініктерді қолдану. Абай дәуіріндегі оқиғалар туралы білімді жүйелеу және оның дүниетанымын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Абай шығармаларын сипаттау және талдау әдістерін меңгереді
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Абай тұлғасы мен ағартушысының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • ХІХ - ХХ ғасырлар тоғысында және қазіргі кездегі қазақ мәдениетінің ерекшеліктері мен маңыздылығын талдау