Желдету және ауаны баптау
Сипаттама: Пән үй-жайлардағы ауаның қажетті сапасын қамтамасыз ету технологияларын зерделеуге бағытталған. Пән шеңберінде желдету және ауаны кондиционерлеу саласындағы нормативтік құжаттама, үй-жайлардағы ластаушы заттардың, ылғалдың және артық жылудың бөлінуін есептеу әдістері, қажетті берілетін және шығарылатын ауа мөлшерін анықтау, сондай-ақ ауаны өңдеу және тасымалдау үдерістерін есептеу және тиісті жабдықтарды таңдау әдістері қарастырылады. Тұрақты даму қағидаттарына сәйкес желдету және ауаны кондиционерлеу жүйелерінің энергия тиімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер желдету және ауаны кондиционерлеу жүйелерін монтаждау, жөндеу, баптау және пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті есептеу және жобалау бойынша практикалық дағдыларды игереді.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сәулеті
- Өнеркәсіптік ғимараттардың сәулеті
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 45 |
| Практикалық жұмыстар | 45 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 120 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер