Инженерлік және компьютерлік графика

Курманова Даметык Тайтуковна

Оқытушының портфолиосы

Есполова Зухра Аблкасымовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән білім алушылардың сызба геометриясы, техникалық және проекциялық сызу, заманауи автоматтандырылған жобалау құралдарын қолдана отырып, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында сызба геометриясының негізгі ережелері, техникалық сызбаларды орындау және ресімдеу қағидалары, геометриялық салулар мен проекциялық сызу әдістері, сондай-ақ конструкторлық құжаттаманы жасау және ресімдеу үшін AutoCAD бағдарламасының құралдары қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар техникалық сызбаларды орындау және оқу, геометриялық салуларды жүзеге асыру, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу, AutoCAD бағдарламасында жұмыс істеу, сондай-ақ әртүрлі жобаларды жасау кезінде автоматтандыру құралдарын қолдану дағдыларын меңгереді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика 1
  • Сурет салу. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 45
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Проекциялық сызу. Тіліктер.

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Инженерлік және компьютерлік графика пәнін оқытудың мақсаты тәжірибелі есептерді шешу нәтижелі болу үшін студенттердің білімі мен дағдыларын қалыптастыру, жаңа графикалық түсініктермен таныстыру (мысалы: сызық, масштаб, қаріп), сонымен қатар, ертеден белгілі графикалық түсініктермен жұмыс істеу әдістерін және жаңа көзқарас қалыптастыру (мысылы: Монж эпюрі, центрлік проекциялау, параллель проекциялау), кеңістікте елестету қорын кеңейту және оларды бір жүйеге келтіріп бекіту болып табылады.
Міндет
  • Инженерлік және компьютерлік графика пәнінің негізгі міндеттері сызба геометрия және инженерлік графика пәнінің негізгі түсініктерімен, анықтамаларымен таныстыру; КҚБЖ – нің негізгі қағидаларын үйрету, оларды тәжірибеде қолдана білуге және алған білімдерін келесі пәндерді оқу барысында (электротехника, қолданбалы механика және т.б.) курстық, дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауда қолдана алуға дайындау болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Есполова З.А., Мошнинова Г.Н., Курманова Д.Т."Жұмыс дәптері", Өскемен, 2012 https://www.do.ektu.kz/Protected/TextbookService/ElBook/Work_geometry_kaz_net/Data/Index.htm 2. Есполова З.А., Каменских Л.В. "Инженерлік графика II(компьютерлік графика AutoCAD негізінде)",Өскемен, ЭО, ШҚМТУ, 2010. https://www.do.ektu.kz/Protected/TextbookService/ElBook/Comp_drawing_kaz_. 3. ЭУ " Компьютерная графика .AutoCAD", 2014
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бақылау сұрақтары бойынша сұхбат
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Зертханалық сабақтардағы жұмыс
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Инженерлік және компьютерлік графика пәнін оқыту нәтижесінде студент білуге тиіс: - проекциялық сызба әдістерін; конструкторлық тетікбөлшектердің принциптерін, түйіндерін, механизм және машиналарды; сызбаға объектердің кеңістіктегі кескін құрылысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, нормативті - техникалық құжаттарды, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін; - құрастыруды, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыруды, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгеруі керек.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Проекциялық сызба әдістерін; конструкторлық элементтердің механизмдері мен машиналарын, принциптерін, түйіндерін; сызбаға объектердің кеңістіктегі кескін құрылысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, нормативті - техникалық құжаттарды, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін; - құрастыру, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыруды, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгеруі керек.