Жылу техникасы
Сипаттама: Пән жылу энергиясы мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын, жылудың берілуі мен таралу процестерін зерделеуге, сондай-ақ термодинамика және жылу алмасу саласындағы білімді қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында термодинамиканың негізгі заңдары, термодинамикалық процестер мен циклдер, жылуөткізгіштік, конвекция және жылулық сәулеленуді қоса алғанда, жылу берілу тәсілдері, сондай-ақ жылутехникалық жабдықтардың жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар термодинамикалық процестер мен циклдерді талдау, жылу алмасу параметрлерін анықтау, жылутехникалық есептеулерді орындау және негізгі жылутехникалық жабдықтарды есептеу дағдыларын меңгереді.
Кредиттер саны: 8
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 45 |
| Практикалық жұмыстар | 45 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 120 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер