Сумен қамту және суды бұру
Сипаттама: Пән су ресурстарын тиімді пайдалану, сенімділікті, экологиялық қауіпсіздікті және тұрақты дамуды қамтамасыз ету қағидаттарын ескере отырып, сыртқы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жобалау, есептеу және пайдалану саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пән шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің мақсаты мен сұлбалары, су тұтыну және су бұру режимдері, есептік шығындарды анықтау әдістері, желілерді трассалау, гидравликалық есептеу және биіктік бойынша жобалау қағидаттары, су құбыры және су бұру желілеріндегі құрылыстардың құрылымы, сондай-ақ оларды пайдалану мен жөндеудің негізгі ережелері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер сыртқы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін есептеу, желілердің бойлық профильдерін құру және сорғы жабдықтарын таңдау бойынша практикалық дағдыларды, сондай-ақ жүйелерді пайдалану, баптау және жөндеу үшін қажетті білім мен дағдыларды игереді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік жүйелердің BIM
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер