Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сипаттама: Пән білім алушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, құқықтың негізгі салаларының құрылымы мен мазмұны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Пән шеңберінде құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау мәселелері, сондай-ақ инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мен іске асырудың нормативтік-құқықтық негіздері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар әртүрлі қызмет салаларында құқықтық білімді қолдану, нормативтік құқықтық актілерді талдау, академиялық және кәсіби парасаттылық қағидаттарын сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты мінез-құлық таныту дағдыларын игереді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Құқық негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Жалпы білімдік пәндер