Адам бол
Сипаттама: Пән Абай мұрасында көрініс тапқан өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзіндік жеткіліктілік идеяларын ұғыну негізінде тұтас әрі кемел тұлғаны дамытуға бағытталған. Пән шеңберінде азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, заманауи экономикалық-құқықтық және әлеуметтік-мәдени ортада негізделген шешімдер қабылдау, сондай-ақ тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынас мәдениеті мәселелері қарастырылады. Инклюзивтілік қағидаттарына, білім беру және кәсіби ортада тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, тиімді коммуникация және жауапты мінез-құлық дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар адамгершілік және қоғамдық құндылықтарды сыни тұрғыдан пайымдау, жауапты шешімдер қабылдау, тиімді тұлғааралық және кәсіби өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ білім беру, кәсіби және қоғамдық қызметте инклюзивтілік пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қолдану дағдыларын игереді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Мәдениеттану
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жобаны қорғау түріндегі емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Жалпы білімдік пәндер
Мақсат
- "Адам бол" курсының мақсаты Абай Құнанбаевтың "Адам бол"моральдық-адамгершілік тұжырымдамасы туралы білім алушылардың жан-жақты білімін қалыптастыру болып табылады.
Міндет
- Абай дәуіріндегі оқиғалар туралы білімді жүйелеу және оның дүниетанымын қалыптастыру; Абайдың мұрасын зерттеу негізінде студенттердің бойында зерттеу қабілеттерін дамыту және зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру; Абайдың «Қара сөздер» еңбегі арқылы қазақстандық қоғамды шоғырландыру үшін идеялық және рухани негіз құру; Абайдың әлемдік және отандық тарих контекстіндегі ерекше және маңызды орны мен рөлін анықтайтын қағидаларды ашу; Абай дәуірі мен қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты жеке тұлғаның адамгершілік ұстанымын тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Абай дәуіріндегі құбылыстар мен оқиғаларды сыни талдау арқылы адамзат қоғамының дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Білімдер мен түсініктерді қолдану. Абай дәуіріндегі оқиғалар туралы білімді жүйелеу және оның дүниетанымын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Абай шығармаларын сипаттау және талдау әдістерін меңгереді
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Абай тұлғасы мен ағартушысының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ХІХ - ХХ ғасырлар тоғысында және қазіргі кездегі қазақ мәдениетінің ерекшеліктері мен маңыздылығын талдау