Сорғыштар мен желдеткіштер
Сипаттама: Пән инженерлік жүйелерде қолданылатын сорғылар мен желдеткіштерді есептеу, таңдау және пайдалану саласындағы білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пән шеңберінде сорғылар мен желдеткіштердің конструкциялары мен түрлері, олардың жұмыс істеу қағидаттары, техникалық және пайдалану сипаттамалары, жабдықтарды есептеу және таңдау әдістері, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарына сәйкес олардың сенімділігі мен энергия тиімділігі мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер сумен жабдықтау, жылыту және желдету жүйелерін жобалау және пайдалану үшін сорғылар мен желдеткіштерді есептеу және таңдау, олардың жұмыс сипаттамалары мен энергия тиімділігін бағалау бойынша практикалық дағдыларды игереді.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер