Үймереттердің санитарлық-техникалық жабдықтары
Сипаттама: Пән санитарлық-техникалық жабдықтарды және ғимараттардың ішкі сумен жабдықтау, кәріз, жылыту және желдету жүйелерін, сондай-ақ олардың жұмыс істеу қағидаттарын зерделеуге бағытталған. Пән шеңберінде санитарлық-техникалық жүйелер мен жабдықтарды монтаждаудың, жөндеудің және баптаудың негізгі ережелері, оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру және басқару мәселелері, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарына сәйкес олардың сенімділігі мен энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер ғимараттардың санитарлық-техникалық жүйелерін техникалық тексеру, тораптар мен сұлбалардың сызбаларын орындау, санитарлық-техникалық тораптарды жинау және бөлшектеу, сондай-ақ жүйелер мен жабдықтарды монтаждау, баптау және пайдалану бойынша нормативтік-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу дағдыларын игереді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жылу реттегіш қондырғылар
- Жылумен қамту
- Жылыту
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер