Математика 2

Мукашева Роза Урумкановна

Оқытушының портфолиосы

Аменова Фарида Сейткумаровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән білім алушылардың математикалық даярлығын тереңдетуге және математикалық және инженерлік есептерді шешуде интегралдық есептеу, дифференциалдық теңдеулер және қатарлар теориясы әдістерін қолдану бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пән шеңберінде интегралдау және дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістері, қатарлардың жинақтылығын зерттеу, функцияларды аппроксимациялау, сондай-ақ физикалық, техникалық және технологиялық үдерістерді сипаттау және талдау үшін математикалық модельдеуді қолдану қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар арнайы пәндерді зерделеу және кәсіби инженерлік міндеттерді шешу үшін қажетті математикалық әдістерді қолдану, математикалық модельдерді құру және талдау бойынша практикалық дағдыларды игереді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика 1

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 45
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны ЖҮТ 4

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқыту мақсаты ретінде студенттерде техника, технология және экономика салаларында қолданбалы мәселелерді шешу үшін студенттерде математикалық әдістердің ғылыми-практикалық негізін қалыптастыру болып табылады
Міндет
  • Техникалық жоғары оқу орнындағы «Математика 2» курсы бір айнымалы функцияның интегралдық есептеулері, сұйықтық, газ ортада, электромагнитті өрістердегі процесстер моделін сипаттайтын еселі интегралдар және оның қолданыстары, әртүрлі қолданбалы есептерді жуықтап шығару әдістерін құруға мүмкіндік беретін қатарлар теориясы, геометрия, механика, физика, гидравлика есептері келтірілетін қарапайым дифференциалдық теңдеулер тарауларынан тұрады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Коллоквиум / математикалық диктант
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • ЖҮТ(жеке үй тапсырмасы) немесе жазбаша жұмыс/емтихан
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қортынды тест
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Интеллектуалды дамыған және сыни ойлай білетін инженер- жеке тұлға ретінде қалыптасуына қажетті математика саласындағы базалық білімдері бар.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қоршаған әлем туралы бүтін білім жүйесі негізінде техника және технология саласында мамандық бағыты бойынша математикалық және базалық білімдерін қолдана алады.