Зерттеудің негіздері
Сипаттама: Пәнде ғылыми зерттеудің базалық әдістері, дереккөздерді сыни талдау, деректерді жинау, өңдеу және интерпретациялау қарастырылады. Зерттеу жұмысын ұйымдастыру, академиялық жазылым, зерттеу нәтижелерін академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып рәсімдеу және ұсыну тәсілдері зерделенеді. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар өзекті кәсіби мәселелер бойынша дербес зерттеу жүргізіп, аналитикалық есеп, ғылыми баяндама немесе ғылыми мақала дайындайды.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты – сәулет саласындағы зерттеулерді орындауға, деректерді талдауға және кәсіби шешімдерді негіздеуге қажетті ғылыми-зерттеу қызметінің негіздері мен ақпаратпен жұмыс істеу әдістерін меңгеру.