Оңтайлы басқару әдістері

Омариева Динара Акылбековна

Оқытушының портфолиосы

Мукашева Роза Урумкановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән оптимизация математикалық модельдерін және әдістерін, оның ішінде сызықтық бағдарламалауды зерттейді, барлық мүмкін шешімдер арасынан ең тиімді шешімді табуға бағытталған. Оптимизация әдістерін техникалық жүйелерде, өндірісті ұйымдастыруда және басқа инженерлік міндеттерде қолдану, заманауи есептеу құралдарын пайдалану қарастырылады. Студенттер оптимизация міндеттерін құру, математикалық модельдер жасау, сандық және аналитикалық әдістерді қолдану арқылы оңтайлы шешімдерді табу және ұсынылған нұсқалардың тиімділігін бағалау дағдылары мен қабілеттерін алады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Жаратылыстану мен техникадағы дифференциалдық теңдеулер

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • сызықтық бағдарламалау әдістерін және сандық оңтайландыру әдістерін оқу және меңгеру.
Міндет
  • 1. сызықтық бағдарламалау әдістерін және сандық оңтайландыру әдістерін теориялық меңгеру; 2. қолданбалы есептерді шешу кезінде сызықтық бағдарламалау әдістерін және сандық оңтайландыру әдістерін қолдану дағдыларын меңгеру; 3. C++ немесе Python бағдарламалау тілдерінде алгоритмдер мен бағдарламаларды құрастыру арқылы осы әдістерді компьютерде енгізу дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Практикалық сабақтарда жұмыс
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. сызықтық бағдарламалау есептерін және оңтайландыру теориясын шешуде қолданылатын бар математикалық түсініктерді, әдістер мен модельдерді білу; 2. сызықтық бағдарламалау есептерін шешудің аналитикалық әдістерін және оңтайландыру есептерін шешудің сандық әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1. қолданбалы есептерді шешу үшін сызықтық бағдарламалауды және сандық әдістерді қолдана білу 2. механика, физика, жаратылыстану және техника мәселелерін зерттеу мен шешуде одан әрі жұмыс істеуге қажетті логикалық және алгоритмдік ойлауды, өз бетінше ойлау қабілеттерін, математикалық мәдениет пен математикалық интуицияны дамыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Алынған нәтижелерді талдай білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Механика, физика, жаратылыстану және техника бойынша практикалық есептерді шешу барысында топта жұмыс істей білу, даулы мәселелер бойынша өз көзқарасын білдіру және дұрыс қорғау.