Жүйелік талдау және шешім қабылдау теориясы

Сиғатпаева Амина Маратқызы

Оқытушының портфолиосы

Бакланова Ольга Евгеньевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс негізгі пәндердің бірі болып табылады және математикалық бағдарламалау міндеттерін шешу, сызықтық емес бағдарламалау мәселелері, анық емес сандар мен жиындар және олармен операцияларды зерттеуді қамтиды. Сондай-ақ ойын теориясының негізгі ұғымдары мен анықтамалары, матрицалық ойындарды шешу әдістері, күтілетін қызмет көрсету теориясының математикалық аппараты және белгісіздіктерді сипаттау үшін ықтималдық-статистикалық әдістердің қолданылуы қарастырылады. Студенттер математикалық модельдеу құралдарымен жұмыс істеу, белгісіздік жағдайында шешімдер қабылдау және оңтайландыру тапсырмаларын шешу, ойын теориясы және ықтималдық-статистикалық әдістерді талдау және қолдану дағдыларын алады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Қолданылуы автоматтандырылған жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша технологиялық шешімдерді жетілдіруге мүмкіндік беретін математиканың қолданбалы бөлімдерін зерделеу.
Міндет
  • қазіргі қолданбалы ғылымдардағы шешім қабылдау әдістерінің рөлі және пәннің арнайы бөлімдермен байланысы туралы түсінік алу;
  • әртүрлі жағдайларда қолданбалы шешім қабылдау есептерін шешу үшін практикалық есептеу дағдыларын меңгеру;
  • шешім қабылдау әдістері саласындағы білімді өз бетінше толықтыру дағдыларын меңгеру;
  • тапсырманы талдау және оны шешу жолдарын таңдау, сонымен қатар қолданылатын есептеу алгоритмдерін оңтайландыру қабілетін қалыптастыру;
  • практикалық бағдарламалау дағдыларын тереңдету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ақпаратты іздеудің заманауи компьютерлік технологияларын қойылған есепті шешу үшін пайдалану, сол ақпаратқа сын тұрғысынан талдау жасау және шешім қабылдау кезіндегі идеялар мен тәсілдерді негіздеу қабілетіне ие болу.
  • Математикалық бағдарламалаудың негізгі әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Шешім қабылдау үдерісінде жүйелік тәсілді, математикалық, статистикалық және эвристикалық әдістерді меңгеру.
  • Шешім қабылдаудың математикалық модельдерін пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • нәтижелерді өңдеу, талдау және синтездеу әдістерін талдау және тәжірибеде қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Практикалық есептерді шешу барысында топпен жұмыс істей білу, даулы мәселелерде өз көзқарасын білдіру және дұрыс қорғау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • тәжірибеде іздеу, негіздеу және оңтайлы шешімдер қабылдау кезінде заманауи компьютерлік технологияларды қолдана білу;
  • жүйелерді әзірлеуде жұмыс орындарын, шағын бригадалардың жұмысын және сапаны бақылауды ұйымдастыра білу
  • Пәннің әртүрлі салаларындағы нақты мәселелерді шешу әдістері мен дағдыларын меңгеру арқылы кәсіби және жеке өсуге ұмтылу, инженерлік, өндірістік және ғылыми мәселелерді одан әрі шешуге көмектесу