Айырымдық схемалар теориясы
Сипаттама: Бұл пән аясында айырымдық схемалардың қасиеттері, айырымдық схемалар теориясының математикалық аппараты, айырымдық схемалардың негізгі кластары, дифференциалдық теңдеулер үшін айырымдық сұлбаларды құру әдістері, тордық теңдеулерді шешудің тура және итерациялық әдістері оқытылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Айырымдық сұлбалар теориясына кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Математикалық модельдеу курстарын, математикалық модельдеумен және мәліметтер жиынтығын өңдеумен, механикадан, физикадан және т. б. нақты есептерді шешумен байланысты есептеу практикумын оқу кезінде білім мен дағдыларды, практикалық дағдыларды алу және қолдану
Міндет
- Айырымдық сххемалар теориясының негізгі ұғымдарын, айырымдық схемаларды сандық жүзеге асыруда қолданылатын итерациялық әдістерді зерттеу, сонымен қатар дифференциалдық теңдеулер үшін айырымдық схемалар теориясы жайлы білім-біліктерді қалыптастыру. Және де айырымдық схемалар теориясында қолданылатын математикалық аппараттарды меңгеру, негізгі білім алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Айырымдық схемалары теориясының элементтерін, дифференциалдық теңдеулерге арналған айырымдық схемаларын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- сандық әдістер мен алгоритмдерді жасай білу, осы алгоритмдерді жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жүзеге асыру, есептеу математикасының негізгі түсініктері мен әдістерін қолдану, аз мөлшерде есептеуді қажет ететін есептеу математикасының типтік мәселелерін іс жүзінде шешу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- зерттеу арқылы алынған нәтижелерге сүйене отырып, дифференциалдық теңдеулер шешімдерінің әрекетін талдау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Механиканың, физиканың, жаратылыстану мен техниканың практикалық есептерін шешу процесінде ұжымда жұмыс жасай білу, даулы мәселелерде өз көзқарасын білдіру және дұрыс қорғау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Болашақта инженерлік-өндірістік және ғылыми мәселелерді шешуге көмектесетін пәннің әртүрлі салаларындағы нақты мәселелерді шешу әдістері мен дағдыларын игеру арқылы кәсіби және жеке өсуге ұмтылу