Термодинамика, статистикалық физика және физикалық кинетика
Сипаттама: Курстың мазмұны білім алушылардың термодинамика және статистикалық физика саласындағы негізгі мәселелерді зерделеуге бағытталған және болашақ мамандардың макроскопиялық жүйелерде болып жатқан физикалық үрдістер туралы теориялық білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Заманауи физиканың таңдамалы бөлімдері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Ашық жүйелердің термодинамикасының негізгі заңдарымен және қазіргі заманғы материалдарды алу әдістерімен, сондай-ақ білімді алдын ала берілген қасиеттері бар материалдарды алуға мүмкіндік беретін қатты күйдегі айналудың негізгі механизмдерімен танысу. Кристалды материалдардың құрылымы мен қасиеттерінің қалыптасуының негізгі физикалық заңдылықтарын, оларды алу және кейіннен өңдеу процесінде зерттеу. Оқу жоспары шеңберінде өзіндік ғылыми зерттеулер мен зертханалық практикумды орындау үшін қажетті қатты денедегі фазалық түрленуді оқып үйрену.
Міндет
- Пәнді оқыту барысында-өндіріс және пайдалану жағдайында әртүрлі факторлардың әсер етуі кезінде материалдарда болып жатқан құбылыстардың физикалық мәнін және олардың материалдардың қасиеттеріне әсерін ашу. Материалдардың құрамы, құрылысы және қасиеттері арасындағы өзара байланысты орнату. Термиялық, химиялық-термиялық және материалдарды нығайтудың басқа да тәсілдерінің теориясын және тәжірибесін зерттеу. Байланыстырғыш технологиялардың негізгі типтерін, қазіргі заманғы материалдар топтарын, олардың қасиеттері мен қолдану аймағын зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - аморфты кремний пленкаларын алу әдістерін; қоспаланған жартылай өткізгіштерді алу әдістерін; p-n өтпелерді алу әдістерін. - жартылай өткізгішті аспаптарды моделдеу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Шешім қабылдауға бірыңғай амал жасау. қазіргі заманғы ғылымның теориялық және практикалық міндеттерін меңгеру, физика-техникалық міндеттерді шешуде ортақ тәсілдердің үйлесімді жүйесін құру, қазіргі ғылымның статистикалық әдістерін меңгеру, практикалық қолдануға жарамды жаңа роцестерді анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Докторанттардың білімін жүйелеу қабілетін қалыптастыру термодинамика, статистикалық физика және физикалық кинетика және осы білімді техникалық физиканың жаңа мәселелерін шешуге қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Зерделенетін техникалық объектілерге қойылатын негізгі тактикалық және техникалық-экономикалық талаптарды дұрыс тұжырымдай білу және оларды іске асырудың қолданыстағы ғылыми-техникалық құралдарын сауатты пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - жартылай өткізгіш аспаптарды жобалаудың теориялық және практикалық есептерін шешу; жартылай өткізгіштердің негізінде берілген характристикалы аспаптарды зерттеу және жобалау.