Электр техникасы

Кунапьянова Арай Асылхановна

Оқытушының портфолиосы

Ахмадиева Гульжиян Акановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Тұрақты токтың электрлік тізбегі. Кирхгоф заңы. Ом заңы. сызықты электр тізбегін есептеу тәсілі. Бір фазалы синусоидалы токтың электрлік тізбегі. Айналмалы синусоидалы электр тізбектері. Синусоидалы токтың сызықты электр тізбегіндегі символикалық есептеу тәсілі. Ток және кернеудің векторлық диаграммалары. Үш фазалы электр тізбегі. Қабылдағыштың фазалары және генератор орамдарының фазаларының қосылу тәсілі.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Физика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқудың мақсаты студенттерде электр тізбектерінің негізгі заңдылықтары, тұрақты ток электр тізбектерін есептеу және айнымалы токты есептеу негіздері туралы теориялық білімдерін қалыптастыру және осы білімді арнайы пәндерді оқуға арналған практикалық есептерді шешуге қолдана білу. .
Міндет
  • - электрлік терминология мен шартты белгілерді білу; - электротехниканың теориялық негіздері, электр және магниттік тізбектер теориясы, электромагниттік өрістің заңдылықтары, тұрақты және айнымалы ток тізбектерін талдау әдістері, электромагниттік өрістерді есептеу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру. - электр тізбектерінің стандартты есептеулерін орындау, оларды есептеу процесін жеңілдету үшін электр тізбектерінің қажетті түрлендірулерін жүргізу дағдыларын меңгеру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • -негізгі физикалық құбылыстарды, электротехниканың ұғымдары мен заңдарын; - электротехникалық терминология және шартты белгілер, жұмыс принципі, конструкциясы, - негізгі электрлік құрылғылардың негізгі қасиеттері, қолдану аймақтары; - тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін есептеудің негізгі заңдары мен әдістерін; - электр тізбектеріндегі резонанстық құбылыстар; - үш фазалы тізбектер;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - электрлік шамаларды өлшеу және өлшеу нәтижелерін өңдеу. - негізгі электр құрылғыларының параметрлері мен сипаттамаларын анықтау; - электр тізбектерін есептеу кезінде математикалық талдау әдістерін қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • -энергетикалық жүйелердің жұмыс режимдерін талдау саласында теория мен эксперименттік әдістерді қолдану, -инженерлік есептерді шешуде математикалық талдау әдістерін қолдану; - арнайы электротехникалық әдебиеттерді оқу үшін, сондай-ақ бірлесіп жұмыс істеу кезінде басқа бейіндегі мамандықтармен біліктілік өзара әрекеттесу үшін өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - тұрақты токтың электр тізбектерінің заңдылықтарын негіздейді; синусоидалы ток; үш фазалы тізбектерді есептеуге арналған схемалар мен формулалар; - тұрақты және синусоидалы ток тізбектерін есептеу әдістерін қолданады; - сызықтық электр тізбегіндегі тұрақты токты есептеу әдістерін қолдана отырып, инженерлік есептерді шешу туралы пікір қалыптастырады – Қоғамда және кәсіби ортада қарым-қатынас дағдыларын көрсетеді
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • 1. Жаңа білімді әдеттену күнбе-күнгі кәсіби қызметіне қажетті замануи электртехниканың, электрониканың және автоматтандырдың дамуына сай және магистратурада оқуды жалғастыру үшін ие болу шарт