Сандық әдістер
Сипаттама: Бұл пәнді оқыту есептеу әдістері және оларды түрлі есептерді шешуде қолдануға байланысты білім негіздерін игеруге мүмкіндік береді. Есептеу техникасының құралдарын қолдана отырып оқытылатын әдістердің алгоритмдері іске асырылады және есептеу нәтижелері интрепретацияланады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қарапайым дифференциалдық теңдеулер
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты адамның түрлі қызметтік іс-әрекетінде кездесетін есептерді шешудің алгоритмдері туралы білім негіздерін игеру және оларды кейіннен ЭЕМ-да іске асыру дағдыларын қалыптастыру
Міндет
- Пәнді оқытудың міндеттеріне есептеу процедураларының тәсілдері мен дағдыларын игеру, есепті шешудің тиімді әдісін таңдай алу және алынған нәтиженің дәлдігін бағалау жатады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білу керек: - алгебраның, анализдің және дифференциалдық теңдеулердің негізгі есептерін шешудің есептеу әдістерін; - сандық әдістерді құрудың түрлі тәсілдерін; - есептеу алгоритмдерінің жинақтық критерийлерін сандық әдістердің жинақтық жылдамдығын бағалау тәсілдерін әртүрлі сандық әдістердің жуықтау қателігін бағалау тәсілдерін; - әдістің математикалық және практикалық интерпретациясын.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Кәсіби мәселелерді шешуде математика аппараттарын және сан-теоретикалық әдістерді қолдану дұрыс.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Табысты кәсіби қызмет үшін математиканы терең білу қажеттілігін нақты түсіну. Криптографиялық жүйелерді құруда сандық-теориялық әдістерді қолдануға болатындығы туралы түсінік.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Логикалық шынайы, дәлелді және нақты түрде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін оқыту тілінде құрастырады, кәсіби мәтіндерді дайындайды және редакциялайды, жеке және белгілі ғылыми нәтижелеріңізді жария етеді, пікірталастар өткізеді
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Қолданбалы проблемаларды шешудің тиімді алгоритмдерін жасау дағдыларын қалыптастыру; Математикалық әдістер мен құралдардың кәсіби жұмысында қолдануға дайындықты қалыптастыру