Matlab - та компьютерлік үлгілеу
Сипаттама: Пәннің мазмұны MATLAB жүйесінің ядросынан ұсынылған негізгі есептеу мүмкіндіктері мен нәтижелердің визуализациясы және Matlab бағдарламалау тілінің синтаксисімен жоғары деңгейлі тілде бағдарламалаудың негізінде анықталады. Сонымен қатар, MATLAB пакетінің танымал кеңейтімі - Symbolic Math Toolbox қарастырылады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттерді әр түрлі қолданбалы есептерді шешу MATLAB математикалық пакетінің бағдарламаларының құралдарын қолдануға үйрету.
Міндет
- MATLAB негізгі ұғымдарын және құралдарын біле отырып, оларды математикалық және қолданбалы есептерді шешуге қолдану
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Қолданбалы есептерді шешуде MatLab математикалық пакетінің жұмыс істеу әдісін және тәсілін ұғу, түсіну және қолдана білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Әр түрлі алгоритмнің құрылымдық схемасын жасау, қажетті мәлімет құрылымының талабына байланысты ұйымдастыру; бағдарламалық тілді таңдау; тілдік құралдарды пайдалумен және бағдарламаларды жазуды қолданумен таңдалған тілдің бағдарламасын жобалай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Математикалық әдістерді қолданып, алынған үлгінің дұрыстығын талдайды және техника және технологияның әртүрлі салаларынан қолданбалы мақсаттарды шешу әдістері мен математикалық моделдер туралы көзқарасы болады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Команда құрамында математикалық әдістер қолданғанда өз көзқарасын негіздей алатын және жаңа шешімдер қабылдай алатын болады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- MATLAB құралдарын қолдана отырып, білімдерін математикалық түрде техника және технологияның әртүрлі салаларында тиянақты көрсете алады.