Бағдарламалау технологиясы

Жомартқызы Гүльназ

Оқытушының портфолиосы

Емельянова Мария Геннадьевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәнді оқу барысында объектілі-бағытталған программалау технологиясы игеріледі. Біз C# бағдарламалау тілі арқылы Windows жүйесіне арналған қолданбаларды құруға арналған Visual Studio ортасын зерттейміз. Қолданушының графикалық интерфейсі бар әртүрлі қолданбалы бағдарламалардың даму кезеңдері, объектілі-бағытталған бағдарламалау принциптері қарастырылады: инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • қазіргі заманғы бағдарламалау технологияларын меңгерген және Windows жүйесіне арналған қосымшаларды өңдеуге қабілетті мамандарды дайындау.
Міндет
  • объектілі-бағытталған бағдарламалау негіздерін меңгеру;
  • Windows жүйесіне арналған қосымшаларды әзірлеуге арналған Visual Studio мысалын пайдалана отырып, студенттердің заманауи құралдарды пайдалану дағдыларын дамыту;
  • болашақ мамандар арасында объектілі-бағытталған бағдарламалау саласындағы құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • объектілі-бағытталған бағдарламалау технологиясы және Visual Studio бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің біріктірілген ортасы бойынша білімін көрсету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Visual Studio ортасында Windows жүйесіне арналған қосымшаларды әзірлеу мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • тапсырмаларды өз бетінше шешу, талдау, қорытынды жасау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • топта жұмыс істеуге қажетті коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • кәсіби қызметте қажетті жаңа білім алу және Windows жүйесіне арналған қосымшаларды әзірлеу саласында жетілдіре алады.