Бағдарламалық қамтаманы жобалаудың Case-технологиясы

Увалиева Индира Махмутовна

Оқытушының портфолиосы

Вайс Юрий Андреевич

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курста CASE бағдарламалық инженериясы мен бағдарламаларды жобалау құралдарының жіктелуі мен тағайындалуы, қазіргі CASE - құралдарының даму бағыттары қарастырылған, жобалаудың қазіргі заманғы құралдарының әдіснамалық және технологиялық негізі оқытылады. Білім алушылар кәсіпорындарды басқарудың ақпараттық жүйелерін құру және әзірлеу кезінде CASE-құралдарын қолдану дағдыларын алады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Білім алушыларды бағдарламалық жүйелердің өмірлік циклін қамтамасыз ету және жобалау технологиялары саласындағы теориялық біліммен таныстыру, сонымен қатар CASE-технологиялар құралдарымен бағдарламалық жүйелерді жобалау және бизнес-процестерді үлгілеуге бағытталған қазіргі заманғы технологияларды қолданудың тәжірибелік дағдыларын меңгеру.
Міндет
  • Білім алушыларда бағдарламалық инженерия және бағдарламалау саласында білім жүйесін қалыптастыру.
  • Білім алушыларды бизнес-үдерістерді модельдеудің теориялық негіздерімен, бағдарламалық өнімдерді жобалау және әзірлеу әдістемелерімен және олардың өмірлік циклін қамтамасыз ететін аспаптық құралдар жиынтығымен таныстыру.
  • Құрылымдық және объектілі-бағытталған модельдеу және бағдарламалық құралдарды жобалау CASE-құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Бағдарламалық қамтамасыз етудің өмірлік циклінің модельдері және бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау әдістемесінің теориялық негіздері.
  • Бағдарламалық өнімдерді әзірлеудің заманауи аспаптық құралдарын жіктеу принциптері.
  • Бизнес-процестер мен жүйелерді моделдеу және қайта құрылымдау тәсілдері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Case-құралдарын тәжірибеде қолдана білу.: IDEF0 функционалдық моделдеудің методологиясы; IDEF3 оқиғалы моделдеудің методологиясы; DFD деректер ағындарын моделдеудің методологиясы; IDEF1X деректерді семантикалық моделдеудің методологиясы; бағдарламалық қамтамасыз етудің объектілі-бағытталған моделдеудің және UML метамоделінің методологиясы.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Нақты жоба үшін өмірлік цикл моделін таңдау және жобаның Тәуекелдерін басқару туралы; корпоративтік ақпараттық жүйелер мен ірі мемлекеттік жобалар (AS-IS моделінен TO-BE моделіне) шеңберінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша; әлеуметтік, кәсіби және этикалық ұстанымдарды ескере отырып, өзінің кәсіби қызметінің мәні мен салдары туралы пайымдауларды қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Коммуникативтік қабілеттерін дамыту, оның ішінде интернет ашық ресурстарымен, CASE халықаралық стандарттары мен техникалық құжаттамаларымен жұмыс істеу үшін кемінде бір шет тілін білу және АТ жобалары мен басқа да қызмет түрлері шеңберінде іскерлік өзара іс-қимыл үшін тұлғааралық және топтық коммуникация дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Бағдарламалық инженерияның халықаралық стандарттары саласында кәсіби және жеке дамуына, біліктілігін арттыруға және практикалық қызметте аспаптық CASE-құралдарымен, оның ішінде қызмет саласымен тікелей байланысты емес жаңа білім салаларында жаңа білім мен іскерлікті өз бетінше иемденуге және пайдалануға ықпал ететін оқыту дағдыларын дамыту.