Математика 2
Сипаттама: Пән келесі бөлімдерден тұрады: интегралдық есептеулер; студенттердің математикалық білімін тереңдетуге және әртүрлі физикалық процестерді математикалық модельдеу әдістерін меңгеруге мүмкіндік беретін дифференциалдық теңдеулер (дененің қозғалысын, жылу немесе дыбыстың таралуын, электромагниттік толқындарды және басқа физикалық құбылыстарды сипаттау); әртүрлі практикалық есептерді шешуге мүмкіндік беретін, мысалы, функцияларды жуықтау немесе уақыт бойынша жүйенің әрекетін зерттеу үшін сандық және функционалдық қатарлар.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 1
- Математика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 45 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 15 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқыту мақсаты ретінде студенттерде техника, технология және экономика салаларында қолданбалы мәселелерді шешу үшін студенттерде математикалық әдістердің ғылыми-практикалық негізін қалыптастыру болып табылады
Міндет
- Техникалық жоғары оқу орнындағы «Математика 2» курсы бір айнымалы функцияның интегралдық есептеулері, сұйықтық, газ ортада, электромагнитті өрістердегі процесстер моделін сипаттайтын еселі интегралдар және оның қолданыстары, әртүрлі қолданбалы есептерді жуықтап шығару әдістерін құруға мүмкіндік беретін қатарлар теориясы, геометрия, механика, физика, гидравлика есептері келтірілетін қарапайым дифференциалдық теңдеулер тарауларынан тұрады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Интеллектуалды дамыған және сыни ойлай білетін инженер- жеке тұлға ретінде қалыптасуына қажетті математика саласындағы базалық білімдері бар.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қоршаған әлем туралы бүтін білім жүйесі негізінде техника және технология саласында мамандық бағыты бойынша математикалық және базалық білімдерін қолдана алады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өз бетімен өзін-өзі бақылаудың, оқудың және білудің әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті, өзін-өзі дамытудың кәсіби, интеллектуалдық келешегін түсіну қабілеті, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алу қабілеті бар.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Өз көзқарасын тиімді қорғап, зерттеу тобының мүшесі және жеке дара техникалық мәселелерді шешу үшін қолданылатын математикалық әдістер бағалап, жаңа шешімдер ұсынады; топ пікірімен санасып, жүзеге асыруға қабілеті бар.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Болашақ қызметі үшін қажетті негізгі білім мен магистратурада, үздіксіз білім дағдылары толықтыру мен жаңаруын меңгеріп, техника және технология аймағында ғылыми-зерттеу саласында математикалық әдістерді қолданады.