Ақпаратты қорғау
Сипаттама: Пән қорғау объектілерінің жіктелуін, ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдарын (вирустардан қорғау, рұқсат етілмеген кіруден қорғау, ашық желілерде ақпаратты қорғау), қорғау жүйелерін құрудың негізгі принциптерін қарастырады. Ақпаратты қорғау үшін криптографиялық алгоритмдерді қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Бағдарламалау технологиясы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты ақпаратты қорғау саласында білімі бар және мәліметтерді өңдеу жүйелерінде ақпаратты қорғау үшін әдістер мен құралдарды практикада қолдануға қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
Міндет
- 1. ақпаратты қорғау саласындағы стандарттармен, әдістермен және технологиялармен танысу;
- 2. ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері туралы түсініктерді қалыптастыру;
- 3. ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы бағдарламалық-аппараттық құралдарын пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ақпаратты қорғау саласындағы заманауи әдістер мен құралдар бойынша білімді көрсету;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- тәжірибеде ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдарын қолдану;
- қауіптерді талдау негізінде ақпаратты қорғау құралдарын таңдау кезінде шешімдер қабылдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- деректерді өңдеу жүйелерінде ақпаратты қорғау мәселелері бойынша пікірлерді қалыптастыру;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- кәсіби қызметте жеке қасиеттер мен көшбасшылық дағдыларды жүзеге асыру, команда мүшесі ретінде және жеке тиімді жұмыс істеу қабілетін көрсету;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- кәсіби өсуге ұмтылу және ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын алу, коммуникативтік тапсырмаларды шешу үшін пайдалану.