Климаттың өзгеруінің себептері мен салдарлары

Петрова Ольга Анатольевна

Оқытушының портфолиосы

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәнді меңгеру барысында студенттер жер бетіндегі климаттың өзгеруі, климаттың өзгерісін тудыратын факторлар, климаттық емес факторлар және олардың климатқа әсері, климаттың өзгерісіне антропогендік әсерлер, факторлардың өзара әсері және климаттың өзгерісінен туындайтын салдарлар туралы ақпарат алады. Климат түсінігін және оның өзгеруін, жахандық жылыну проблемасымен қарастырады. Климаттың өзгеруінің себептері мен одан туындайтын салдарларды талдап, бағалау, алдын алу шараларын, климатты бақылаудың ғаламдық жүйесін, климат туралы аймақтық және ғаламдық деңгейдегі келісімдерді қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Төтенше жағдайлардағы химиялық әсерлерден қорғану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге адамның шаруашылық қызметі мен климаттың өзгеруі арасындағы өзара тығыз байланысты, климаттың өзгеруінен туындайтын салдарлар, туындайтын экологиялық апаттар, төтенше жағдайлар олардың алдын алу шаралары жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Міндет
  • - климат, оның жаһандық және ұлттық ауқымдағы шаруашылық қызметінің нәтижесіндегі өзгерістері, климаттың өзгеруінен туындайтын негізгі салдарлар туралы теориялық білімді меңгеру; - студенттерде климаттың өзгеруіне қарсы күрестің негізгі құралы мен жаһандық және ұлттық ауқымда тұрақты даму негізінде «жасыл» экономика туралы түсінік қалыптастыру; - Қазақстан Республикасында және әлемде климаттың өзгеруіне бейімделу саласында студенттердің тәжірибе әлеуетін қалыптастыру және хабардарлығын арттыру; - климаттың өзгеруіне байланысты қоршаған ортаның жағдайын талдау дағдыларын қалыптастыру; - парниктік газдар, олардың климаттың өзгеруінде, парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін тетіктер, оларды Қазақстанда енгізу, реттеу жүйесі туралы ақпарат алу; - климаттың өзгеруінің себептері мен салдарларын талдау және бағалаудың практикалық дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • климаттың негізгі ұғымдарын, климаттың ерекшеліктерін, шаруашылық қызметінің нәтижесінде оның өзгерістерін, климаттың табиғи және шаруашылық жүйелерге әсерін; климаттың өзгерісі мен ғаламдық және ұлттық ауқымдағы тұрақты дамудың өзара байланысын, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі «жасыл» экономиканың рөлін; әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы климаттың өзгеруіне бейімделуді; парниктік газдардың сипаттамаларын, олардың климаттың өзгеруіндегі рөлін, парниктік газдар шығарындыларын азайту механизмдерін, оларды Қазақстанда енгізу, парниктік газдарды реттеу жүйесін; климаттың ауыл шаруашылығына әсер етуі, Қазақстанның ауыл шаруашылығының Климаттық өзгерістерден осалдығы; климаттың су ресурстарына әсер ету салдары, Қазақстанның су саласында қалыптасқан проблемалар, су секторында бейімделу шаралары; қалдықтар проблемасын шешу жолдары. қоршаған орта жағдайы мен климаттың өзгеруінің себеп-салдарлық байланыстарын анықтау және талдау; экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде Климаттық ресурстардың рөлін бағалау; адам мен табиғаттың өзара іс-қимылымен байланысты зерттеу және практикалық міндеттерді шешу әдістері мен құралдарын пайдалану; Қазақстан экономикасының түрлі секторларында энергия үнемдеу бойынша Қазақстан экономикасының неғұрлым осал секторларында климаттың өзгеруіне бейімдеу бағдарламаларын жасау; климаттың өзгеруі және оның нәтижесінде туындайтын экологиялық салдарлар бойынша пікірталастарда өз көзқарасын дәлелдей отырып қорғау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • климаттың негізгі ұғымдарын, климаттың ерекшеліктерін, шаруашылық қызметінің нәтижесінде оның өзгерістерін, климаттың табиғи және шаруашылық жүйелерге әсерін; «жасыл» экономика мен ғаламдық және ұлттық ауқымдағы тұрақты дамудың өзара байланысын, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі «жасыл» экономиканың рөлін; әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы климаттың өзгеруіне бейімделуді; парниктік газдардың сипаттамаларын, олардың климаттың өзгеруіндегі рөлін, ПГ шығарындыларын азайту механизмдерін, оларды Қазақстанда енгізу, ПГ реттеу жүйесін;; энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру негіздері; жаңартылатын энергия көздері, олардың түрлері туралы ұғымдар, халықаралық пайдалану саласындағы тәжірибе, Қазақстандағы ЖЭК әлеуеті; климаттың ауыл шаруашылығына әсер етуі, Қазақстанның ауыл шаруашылығының Климаттық өзгерістерден осалдығы; климаттың су ресурстарына әсер ету салдары, Қазақстанның су саласында қалыптасқан проблемалар, су секторында бейімделу шаралары; «жасыл» экономика ұсынатын қалдықтар проблемасын шешу жолдары. қоршаған орта жағдайы мен климаттың өзгеруінің себеп-салдарлық байланыстарын анықтау және талдау; экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде Климаттық ресурстардың рөлін бағалау; адам мен табиғаттың өзара іс-қимылымен байланысты зерттеу және практикалық міндеттерді шешу үшін «жасыл» экономиканың әдістері мен құралдарын пайдалану; Қазақстан экономикасының түрлі секторларында энергия үнемдеу бойынша бағдарламалар мен жоспарларды құру; жаңа технологияларды, мысалы ЖЭК енгізу бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибеге талдау жүргізу және оларды Қазақстанда пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау; Қазақстан экономикасының неғұрлым осал секторларында климаттың өзгеруіне бейімдеу бағдарламаларын жасау; климаттың өзгеруі және "Жасыл" экономика мәселелері бойынша пікірталастарда өз көзқарасын дәлелдей отырып қорғау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Климаттың өзгеру себептері мен салдары бойынша өз көзқарастарын сыни талдап, негіздеуге қабілеттілікті қалыптастырады
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби жүзеге асыру және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы әдістер мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Климаттың өзгеру себептері мен салдарына қатысты ғылыми және тәжірибелік ақпаратты өз бетінше тауып, талдап, сыни тұрғыдан бағалау қабілетін жетілдіру, сондай-ақ алынған білімдерді оқу және тәжірибелік міндеттерді шешуде қолдану.