Төтенше жағдайлар кезінде су-техникалық нысандарды қорғау

Даумова Гульжан Камалбеккызы

Оқытушының портфолиосы

Даниярова Мадина Даниярқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән су тораптарын салу және пайдалану кезінде пайда болатын төтенше жағдайлар кезінде су объектілерін қорғау бойынша іс-шараларды, әртүрлі аймақтарда ГЭС құрудың ықтимал салдарын болжау; мониторинг жүйесінің көмегімен су тораптарының техникалық және технологиялық жағдайын бақылауды оқытады

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Төтенше жағдайлардағы химиялық әсерлерден қорғану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Қорғалатын аумақтың беткi суын реттеу немесе бұру бойынша шараларды қарастыру

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • "ТЖ кезінде су техникалық объектілерін қорғау" пәнінің мақсаты - студенттерді гидротехникалық құрылыстарды пайдалану кезінде пайда болатын төтенше жағдайлар кезінде су объектілерін қорғау бойынша теориялық және практикалық дайындау: - төтенше жағдайлардағы ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар, жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; - су тораптарының төтенше жағдайлар кезіндегі жұмыс істеу жағдайын талдау; - гидротехникалық құрылыстардың қалыпты жұмыс істеуін бақылаумен танысу
Міндет
  • - төтенше жағдайлардың әсеріне ұшырайтын су объектілерінің жұмысымен танысу; - гидротехникалық құрылыстардың топталуы, жұмыс атқару жағдайлары мен ерекшеліктерін оқып үйрену; - төтенше жағдайлардан су техникалық объектілерде орын алатын апаттарды білу; - су техникалық объектілерінің төтенше жағдайлардан бұзылу жағдайлары мен себептерін білу; - гидротехникалық құрылыстардағы аварияларды жіктеу және оның себептерін оқып үйрену; - су тораптарының техникалық және технологиялық жағдайын бақылау жүйелерімен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - төтенше жағдайлар кезінде су техникалық объектілерін қорғаудың мақсаттары мен міндеттері; - гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқықтық, техникалық және ұйымдастыру іс-шараларының теориялық негіздері; - гидротехникалық құрылыстар мен су тораптарының жұмыс істеу тұрақтылығын бақылау және болжау әдістері; - гидродинамикалық апаттардың қаупін төмендету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - төтенше жағдайлар кезіндегі су техникалық объектілеріндегі аварияларды болжау және бақылау, алдын алу әдістерін меңгеру; - мамандардың төтенше жағдайлар кезіндегі су техникалық объектілерінде құқықтық, техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын әзірлеуге және орындауға қажеттілігін әзірлеу. - жұмысшылар мен қызметкерлерді су техникалық объектілерін инженерлік қорғау негіздерін, сондай-ақ төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға оқып үйрету.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Нормативтік-техникалық және нормативтік-инженерлік құжаттаманы орындау, төтенше жағдайлар кезінде су техникалық объектілерін қорғау жүйесінің қағидаттарын әзірлеу және енгізу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби жүзеге асыру және төтенше жағдайлардағы апаттардың салдарларын төмендету бойынша әдістер мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - Тәжірибеде базалық білімді қолдана білу; - жаңа білім алу, соның ішінде заманауи білім беру және ақпараттық технологияларды қолдану; - еңбек қауіпсіздігі саласындағы негізгі ұғымдарды білу