Жаңартпашылық қызмет пен патенттану негіздері

Петрова Ольга Анатольевна

Оқытушының портфолиосы

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерде экология, "жасыл" технологиялар, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы инновацияларды құру, қорғау және коммерцияландыру қағидаттарын түсінуді қалыптастыруға бағытталған. Студенттер патенттік ақпаратты іздеу, өнертабысқа өтінімдерді ресімдеу және зияткерлік меншіктің құқықтық аспектілерін талдау әдістерін меңгеруі керек. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер инновациялық жобаларды әзірлей алады, олардың патенттік тазалығын бағалай алады және тұрақты технологиялық шешімдер үшін құқықтық қорғау құралдарын тиімді пайдалана алады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік білім беруге кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерді инновациялық және зерттеу жұмыстарына және патенттеуге теориялық және практикалық дайындау.
Міндет
  • Студенттерде ғылыми зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншікті қорғау бойынша білім, дағды мен білік жүйесін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ғылым тарихы мен әдіснамасын, ғылыми-зерттеу қызметінің тәсілдерін, патенттік құқықты білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Ғылыми-зерттеу процесін ұйымдастыруды, патенттік өтінімдерді ресімдеуді және беруді білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ғылыми-зерттеу процесі туралы жалпы, мақсаттар мен міндеттерді қоюдан, қорытындыларды қалыптастырғанға дейін түсінікке ие болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби жүзеге асыру және қоршаған орта мониторингі саласындағы әдістер мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүргізу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше табу және өңдеу қабілеті