Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
Сипаттама: Курс заманауи өндіріс жағдайында еңбекті қорғауды басқаруды ұйымдастыру бойынша стандарттарды, халықаралық және мемлекеттік нормативтерді қарастырады. Қауіпсіздік мәселелерін шешу, нақты өндірістік жағдайларда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету тәуекелдерін азайту және жою мәселелері оқып үйретіледі. Нәтижесінде студент өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басқару процесін іс жүзінде қалай ұйымдастыру туралы білім алады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- "Еңбекті қорғауды басқару жүйелері" пәнінің мақсаты - студенттерді барлық өндіріс қызметкерлері үшін салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау біліміне теориялық және практикалық дайындау, міндеттерді жоспарлау және іске асыру жолымен: - еңбекті қорғау бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар, еңбекті қорғау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; - еңбекті қорғау және ҚОТС жұмыс істеу жағдайын есепке алу және талдау; - еңбекті қорғау жағдайын және ҚОТС жұмыс істеуін бақылау; - еңбекті қорғауды жетілдіру бойынша жұмысты ынталандыру
Міндет
- - адамның еңбек қызметі мен демалыс аймақтарында қалыпты жағдай жасау; -жұмыс істеушілерді еңбек қауіпсіздігін оқыту және еңбекті қорғау мәселелерін насихаттау; өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын қалыпқа келтіру; жұмыс істеушілерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету; жұмыс істеушілерді еңбек пен демалудың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету; жұмыс істеушілерге емдеу-профилактикалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; жұмыс істеушілерге санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Адамның өндірістік ортамен және қызметтің ұтымды жағдайларымен өзара әрекеттесу негіздері.
- Өндірістік объектілердің жұмыс істеуінің тұрақтылығын зерттеу әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын анықтау және талдау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды болжау және алдын алу әдістерін меңгеру.
- Мемлекеттік нормативтік-құқықтық база негізінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу, еңбекті қорғауды басқару жүйесі қағидаттарын әзірлеу және енгізу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жұмысшылар мен қызметкерлерді, сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік қызметін инженерлік қорғаудың негіздерін білу.
- Өндірістік объектілер мен техникалық құралдар мен технологиялық процестердің тұрақтылығын арттырудың құралдары мен әдістері.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби жүзеге асыру және қоршаған орта мониторингі саласындағы әдістер мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
- Өндірісте авариялық жағдайлардың туындау тәуекелдерін талдау, болжау және азайту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Мамандардың еңбекті қорғауды басқару жүйесінде құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық, гигиеналық және ұйымдастырушылық іс-шараларды әзірлеуге және орындауға қажеттілігінің болуы.
- Еңбекті қорғауды басқару жүйесін қалыптастыру, жоспарлау және әзірлеу саласындағы білімді жетілдіру.