Жер кадастры

Гусаренко Юлия Дмитриевна

Оқытушының портфолиосы

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс Мемлекеттік жер кадастрының ғылыми негіздерін, оны жүргізу тәртібін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасын, аумақтарды аймақтарға бөлу әдістерін, жер мониторингін жүргізуді зерделеуге бағытталған. Студенттер әртүрлі жер-кадастрлық жұмыстарды (жер учаскелерін тіркеу, жерді сандық және сапалық есепке алу, топырақты бағалау, жерді экономикалық бағалау және т.б.) орындау дағдыларын меңгереді.

Кредиттер саны: 8

Пререквизиты:

  • Топырақ тану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 90
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге қажетті мемлекеттік жер кадастры, оны Қазақстан Республикасының аумағында жүргізу, Қазақстан Республикасындағы жер-кадастрлық жұмыстардың негізі мен мазмұны, жерлерді тіркеу, есепке алу реті мен процедурасы, оларды сандық және сапалық бағалау , мемлекеттік басқару және нақты халықшаруашылығы мәселелерін шешуде жер кадастры мәліметтерін пайдалану туралы теориялық және тәжірибелік білім беру
Міндет
  • Кадастрлық ақпаратты жинау, аумақтарды кадастрлық аймақтарға бөлу мәселелерін, жерлерді түгендеу, кадастрдың автоматтандырылған жүйесін жүргізу, жерлерді және жылжымайтын мүлікті кадастрлық бағалау, жерлер мониторингін жүргізу мәселелерін шешу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің мәселелері, мақсаты,мазмұны, принциптері және реті
  • жерге меншік және жер пайдалануды тіркеу, есепке алу және бағалау үрдісі
  • жер заңнамасы;
  • аудандарды аумақтарға бөлу; мониторинг жүргізу, жерге төлемдер
  • жерлерді бағалаудың әдістемелік принциптері мен әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бар білімін жер кадастрын жүргізу саласында құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар негізінде пайдалана білу;
  • жобалау, бағалау, салық салу үшін, жерлерді сатуда кадастрлық ақпаратты қолдана білу;
  • жер ресурстарын бағалаудың экономикалық әдісі;
  • мәселелер пайда болғанда дұрыс шешім қабылдай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты талдай білу, кадастрлық жұмыстар өндірісі бойынша негізделген тұжырымдарды айта білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қабілеттілік:
  • - кешенді мәселелерді шешуде өкілеттіліктерді және жауакершіліктерді бөлумен топтың мүшесі ретінде және жеке тиімді жұмыс істеу қабілеттілігі;
  • - ұжымда ұйымдастырушылық-басқару функцияларын қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіпорын, аудан, облыстың жер-кадастрлық құжаттарын жүргізу
  • Жер ресурстарын бағалау саласындағы тәжірибелік мәселелерді орындау
  • Жерлерді есепке алу және оларды кадастрлық бағалау, жер кадастрлық есептік және есеп беру құжаттарын дұрыс жүргізу, жерлерді тиімді пайдалану және мемлекеттік бақылау мәселелерін шешу кезінде жер кадастрының мәліметтерін пайдалану