Жер-кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау
Сипаттама: Курс студенттердің жер ресурстарын есепке алуға, бөлуге және пайдалануға байланысты кадастрлық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, жоспарлау және орындау саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын зерделеуге және қалыптастыруға бағытталған. Студенттер ҚР-дағы жер-кадастрлық қызметтің нормативтік-құқықтық базасын пайдалану, кадастрлық жобаларды орындау кезінде еңбек, техникалық және қаржы ресурстарын жоспарлау дағдыларына ие болады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Жер кадастры
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | 15 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- жерге орналстыру өндірісін ұйымдастырудың теориялық негіздерін және оның инновациялық даму болашағын оқу
Міндет
- жер-кадастрлық жұмыстар өндірісін құру, басқаруда және жоспарлауда тәжірибелік дағдыларды меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Геодезиялық түсіріс және жерді картографиялау, жерге орналастыру және кадастр жұмыстары үрдісінде ұйымдастыру және жоспарлау әдістемесін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Алынған білімдерді ерікті іскерлік қызмет шарттарында шешім қабылдау және жүзеге асыру, өндіру үшін қолдану, функционалдық міндеттемелерді атқаруға дайындық.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ақпаратты сараптау, әртүрлі жерге орналастыру және кадастрлық жұмыс өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда ұйымдастыру басқару қызметін атқаруға қабілет
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Техникалық құжаттаманы дайындау (жұмыс кестесі, жұмыс өндірісіне смета), жерге орналастыру үрдісінің материалдарын техникалық дайындау бойынша жұмыстар, мекемедегі менеджмент сапа жүйесін құру үшін құжаттама дайындау.