Жалпы геология және геоморфология

Капжапарова Жанар Зейнелкабденовна

Оқытушының портфолиосы

Айтбаева Салтанат Сабидоллаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Мақсаты: Жер құрылымы, геологиялық процестер және жер бедерінің формалары туралы негізгі білімді қалыптастыру; Пәннің сипаттамасы: ішкі және сыртқы геологиялық процестерді, минералдарды, тау жыныстарын және жер бетінің рельефін қалыптастыруды зерттейді; Нәтижесі: Студент геологиялық даму заңдылықтарын түсінеді және аумақтың геоморфологиялық ерекшеліктерін талдай алады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Геодезия
  • География. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Шөгінді минералды шикізатты іздеу үшін студенттерді фациалдық талдаудың әдістеріне үйрету. Тірі ағзалардың өмір сүретін ортамен байланысын көрсету, жер бетінің өткен кезеңдерінің және олармен байланысты пайдалы қазбалардың орналасу заңдарын анықтау. Сонымен қатар геоморфология және төрттік геология саласында теориялық және практикалық білімі бар білікті мамандарды дайындау.
Міндет
  • Көне кезеңдерден қазіргі кеге дейінгі жер қыртысының даму заңдылықтыры мен тарихын оқып – үйрету. Бедердің түрлері мен элементтері бойынша теориялық сұрақтарды зерттеу, геоморфология және төрттік геология саласындағы қазіргі жетістіктермен егжей-тегжейлі танысу, геоморфологиялық карталар мен төрттік шөгінділер, карталарын,қималарын құрастыру және құру әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Көне кезеңдерден қазіргі кезге дейінгі жер қыртысының даму заңдылықтыры мен тарихын оқып білу. Жер беті бедерінің құрылысын, жаратылуы, даму тарихын және қазіргі заманғы динамикасы туралы материалдарын білу және түсіну тиіс.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Минералдар мен тау жыныстарын көрнекі әдістермен анықтау, геологиялық, геоморфологиялық карталар мен қималарды оқу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Геологиялық ақпаратты (карталар, қималар, сипаттамалар) оқи білу және аумақтың геологиялық даму тарихы туралы қорытынды жасай білу. Геоморфологиялық карталарды оқу және талдай білу, төрттік кезендегі шөгінділердің геоморфологиялық карталары мен қималарын құрастыра білу, әртүрлі пайдалы қазбалардың перспективті нақты аумақтар мен кенді құрылымдардың геотектоникалық және металлогениялық аудандастыру мәселелерін зерттеу кезінде геоморфологиялық талдаудың білімі мен түсінігін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Зертханалық жұмыстар мен тәжірибелерді орындау кезінде жұпта және жеке жұмыс істеу дағдыларына ие болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Оқу кезінде студенттер белгілі бір теориялық және практикалық дағдыларды меңгереді, оқуға қабілеттіліктерін көрсетеді,бұл әртүрлі деңгейдегі аттестаттау комиссияларының білімдерін тексерумен расталады.