Фотограмметрия

Медведева Елена Валерьевна

Оқытушының портфолиосы

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Студенттерде фотограмметриялық процестердің негізгі түрлері, оларды бағалау және алынған материалдардың сапасын талдау әдістері, карталар мен жоспарларды түзету бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Пән аэро және ғарыштық түсірілімдерді, сондай - ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарынан түсірілімдерді қоса алғанда, фотографиялық кескіндер бойынша кеңістіктік ақпарат алу әдістерін зерттеуге бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін студент заманауи техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, ортофотопландар, цифрлық рельеф үлгілері және үш өлшемді объектілерді жасауды қоса алғанда, фотограмметриялық жұмыстарды орындай алады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • болашақ мамандары негізгі теориялық және практикалық білімдері фотограмметриялық негізгі түрлеріне, олардың бағалау әдісін және алынған материалдың сапасын анализдеуге, карта мен пландардың корректировкасын орындауға, сонымен қатар әр түрлі инженерлік шешімдерді шешуге, әр түрлі масштабта карта мен пландарды құруда және фотограмметриялық тірек торабын жиілетуді оқыту.
Міндет
  • топографо-геодезиялық өндірісінде өндірістік-техникалық және жобалық есептерді шешу үшін студенттерді дайындау;
  • жергілікті жердің стереомоделі бойынша план мен карталарды құру мен жаңарту кезінде заманауи фотограмметриялық аспаптармен жұмыс істеу, сонымен қатар жерүстелік және аэроғарыштық суреттер бойынша нүктелердің координаталары мен биіктіктерін анықтау мен өлшеу дағдыға ие болу;
  • кәсіптік ортада жұмыс істеу үшін әлеуметтік жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Фотограмметриялық өлшеулер үшін қолданылатын фотограмметриялық аспаптарын, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу, сонымен қатар карталарды құру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Заманауи технологияларды қолданып экономика объектілерін геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі фотограмметриялық жұмыстардың заманауи әдістерін және тәсілдерін қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әртүрлі фотограмметриялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Фотограмметриялық аспаптармен, құралдармен және жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары, компьютерлік технологияларды қолданып фотограмметриялық жұмыстарды орындау дағдылары.