Суару жүйесінің мелиорациясы

Мамырбекова Гульназ Кабиболлакызы

Оқытушының портфолиосы

Еремеева Юлия Николаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Ауылшаруашылық гидротехникалық мелиорация саласындағы білімді қалыптастырады. Топырақтың су режимімен, суару режимінің негізгі элементтерімен, суару әдістерімен және оларды қолдану шарттарымен, суару әдістері мен техникасымен таныстырады. Суару жүйелерінің түрлері мен жаңғырту және оларды жобалаудың негізгі ережелерін зерттейді. Суаруға арналған заманауи суару машиналарын қарастырады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Гидравлика және арна гидравликасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • «Суландыру мелиорациясы» пәнін оқудың мақсаты студенттерде, қоршаған ортаны сақтай отырып, егістіктерде ауылшаруашылық дақылдарының жоғары және тұрақты өнімдерін алуды қамтамасыз ететін топырақтың сулы, ауалы және қоректік тәртібін реттеу және құру сұрақтарын шешуде, кәсіби білімдерін және машықтарын қалыптастыру, сонымен қатар мелиорация бойынша білімдерін күрделі табиғи жағдайлардағы ауылшаруашылық саласындағы нақты мәселелерді шешуде қолдану.
Міндет
  • Пәннің міндеті - студенттерді, ауылшаруашылық дақылдары үшін қажетті топырақтың сулы, ауалы және азықтық тәртібін қамтамасыз ететін суландыру мелиорациясын және суландыру жүйесінің түрін тәжірибе жүзінде дәлелдеуге үйрету; - мелиоративтік шараларды таңдау және дәлелдеуге арналған мәселерерді шешу міндеттерін дұрыс қоюға, қоршаған орта және инженерлік объектілер жағдайы туралы ақпараттарды алуға және өңдеуге үйрету;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Суару мелиорациясының негізгі түрлерін, олардың қолданылу саласын, есептеулер жүргізу және суару жүйелерін жобалау қабілетін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Суару мелиорациясы саласындағы міндеттерді шешу үшін ғылымның жаңа жетістіктерін қолдана білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері негізінде суару мелиорациясы саласындағы міндеттерді тиімді шешу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Суару мелиорациясы саласындағы міндеттерді жеке, топ мүшесі немесе басшы ретінде тиімді шешу мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Суару жүйелерін есептеу және жобалау дағдыларына ие болу