Инженерлік жүйелер мен желілер

Мамырбекова Гульназ Кабиболлакызы

Оқытушының портфолиосы

Еремеева Юлия Николаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Үймереттердің сумен қамту және канализация жүйелері және инженерлік желілерінің қызметі туралы түсінік береді. Инженерлік желілер, жүйелер және қондырғыларды есептеудің және жобалаудың; сумен қамту және суды бұру жүйелерінің ішкі инженерлік желілердің гидравликалық есебі принциптерін және методикасының теориялық негіздерін оқытады. Үймереттердің сумен қамту және канализация жүйелерінің ішкі инженерлік желілерін есептеудің және құрастырудың және қондырғыны таңдаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады. Заманауи инженерлік жабдықтарды қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Гидравлика және арна гидравликасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • студенттерде ғимараттар мен құрылыстардың ішкі инженерлік жүйелерін жобалау, монтаждау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету (сумен жабдықтау, су бұру, жылыту және т.б.) саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
  • "Инженерлік жүйелері және желілер" пәнін оқытудың міндеттері - үй-жайлардың санитарлық-гигиеналық жағдайы тәуелді болатын тұрғын және қоғамдық ғимараттарды абаттандыру элементтері ретінде инженерлік жүйелер туралы түсінік қалыптастыру, Инженерлік жүйелер жұмысының үздіксіздігі, сенімділігі мен қауіпсіздігі туралы білім алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Сумен қамту, канализация, жылыту жүйелері және желілері құрылымдары туралы негізгі ұғымдарды білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқу кезінде алған білімдерін тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде, сондай-ақ қала құрылысында қолдану мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ әртүрлі елді мекендерге арналған инженерлік жүйелерді жобалау негіздері туралы түсінікке ие болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіптік еңбек бөлінісін ескере отырып, жобалау процесінде сабақтас мамандардың мамандарымен жұмыс істеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жобаланған объектілердің құрылысына авторлық қадағалауды білікті жүзеге асыру мүмкіндігі