Композиция, графика және макет негіздері

Досканова Гульшат Кокеевна

Оқытушының портфолиосы

Гурская Оксана Евгеньевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Сәулеттік композицияның негізгі заңдылықтары мен түрлерін зерттеу, оларды сәулет, қала құрылысы және жобалау объектілерін құруда тәжірибеде қолдану. Композициялық есептердің әр түрін шешу кезінде графикалық форма құрудың құралдары мен тәсілдерін, сондай-ақ олардың шығармашылық интерпретациясымен көлемді модельдеуді меңгеру. Эскиз жасау және сызбалар мен үш өлшемді модельдерді жобалау дағдыларын алу.

Кредиттер саны: 8

Пререквизиты:

  • Сурет

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 60
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 45
СӨЖ 120
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан (композиция, графика және макет бойынша практикалық тапсырма)

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Сәулет, қала құрылысы және жобалау объектілерінің графикалық бейнелеуі мен орналасу тәсілдерін меңгерудегі кәсіби дағдыларды меңгере отырып, сәулеттік пішінді қалыптастырудың негізгі заңдылықтарын оқып үйрену.
Міндет
  • көлемдік-кеңістіктік формаларды құрудың негізгі композициялық заңдылықтарын, тәсілдері мен құралдарын оқу; – шығармашылық ізденіс барысында архитектуралық композицияның әртүрлі түрлерін жасау кезінде форманы үйлестіру тәсілдері мен құралдарын меңгеру; - сәулет графикасы мен макетінде қолданылатын дәстүрлі және заманауи құралдар мен әдістерді оқу; - сәулеттік графиканың әртүрлі түрлерін, бейнелеу тәсілдері мен құралдарын іс жүзінде меңгеру; - эскиздік және демонстрациялық прототип жасаудың әртүрлі әдістерін меңгеру; - үш өлшемді ойлау мен қиялды дамыту; - шығармашылық дүниетаным мен мәдениеттің графикалық негіздерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • композицияның негізгі заңдылықтарын, сызбаларды графикалық безендіру әдістерін, макеттерді модельдеу әдістерін білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • көлемді-кеңістіктік формалардың композициялық құрылысының заңдылықтары туралы алған білімдерін қолдану және түсіну, жобаларды графикалық көрсету әдістерін, сәулеттік дизайндағы орналасу тәсілдерін қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • жасалған формаларды салыстыру және талдау қабілетін қалыптастыру, кеңістіктік ойлауын дамыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • шығармашылық тапсырмалардың негізгі кезеңдерін айта білу және талқылау, жасалған формалардың көркемдік қасиеттеріне сыни баға беру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • оқу мазмұнын қабылдау, әдеби көздерден кәсіби ақпарат жинау, материалды өңдеу және талдау қабілеті;