Жылу электрлік станциялар
Сипаттама: Курс студенттердің жылу электр станцияларының жіктелуін, мақсатын және негізгі параметрлерін, сондай-ақ олардың орналасуын таңдау факторларын сипаттау қабілетін қалыптастырады. Пән аясында жылу схемаларын есептеу әдістері, энергияны өндіру мен берудің технологиялық процестерін талдау, жылу шығындарын анықтау және жылу-технологиялық жабдықты қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру зерттеледі. Нәтижесінде студенттер ЖЭС жабдықтары жұмысының тиімділігін бағалай алады, тиімділікті арттыру және жылу шығындарын азайту бойынша техникалық шешімдерді негіздей алады, сондай-ақ жылу жүйелерін сынау жоспарлары мен әдістемелерін әзірлей алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жылумассасының алмасуы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Жылу электр станцияларын пайдалану және жобалау негіздерімен міндеттерді қою мен шешу, өндірістік кәсіпорындардың жылу энергетикалық жүйелерінің қызметі, құрылымы, жалпы принциптері туралы білімді студенттердің игеруі
Міндет
- Берілген пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет: - жылу электр станцияларының негізгі түрлері, олардың тағайындалуы, параметрлер мен орнату шарттары. - жылумен қамту жүйелерінің жылу жүктемелерін есептеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ЖЭО-ның энергетикалық көрсеткіштерін анықтау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- ЖЭО жобалау бойынша негәзгә заңдар мен әдістерді білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- ЖЭС негізгі және қосалқы қондырғыларын таңдай білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ТЭС жобалау бойынша интернационалдық және халық аралық пәндер бойынша кешенді есептерді шеше білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ЖЭС жобалау жайлы жаңа нормативті - техникалық қорларды игере білу