Техникалық термодинамика
Сипаттама: Пән студенттерде термодинамика заңдары, термодинамикалық процестер және заттардың қасиеттері туралы іргелі білімді қалыптастырады. Пән аясында сипаттамалық функциялар, термодинамикалық тепе-теңдік шарттары, фазалық ауысулар және техникалық жүйелердің параметрлерін есептеу әдістері зерттеледі. Пәнді игерудің нәтижесі жылу жүйелеріне термодинамикалық талдау жүргізу, процестердің параметрлерін есептеу және энергетикада өлшеу мен бақылаудың техникалық құралдарын қолдану мүмкіндігі болып табылады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Физика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Термодинамиканың іргелі заңдарын (бірінші және екінші бастаулар, циклдар теориясы), кеңістікте жылудың таралуының негізгі формаларын зерделеу негізінде кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.
Міндет
- - термодинамиканың негізгі заңдарын және жылу машиналарында және басқа жылу техникалық қондырғыларда қолданылатын процестерді талдау және есептеу үшін оларды қолдану әдістерін игеруді қамтитын базалық жылу-техникалық даярлықты қамтамасыз ету; - анықтамалық деректердің әдеби және электрондық базаларымен жұмыс істеу дағдыларын алу; - әртүрлі жылу энергетикалық және төмен температуралы қондырғылардағы термодинамикалық процестерді есептеу әдістерін меңгеру; - термодинамикалық талдау және жылу күш, жылу сорғы және тоңазытқыш қондырғыларының процестері мен циклдерінің тиімділігін бағалау әдістерін меңгеру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Техникалық термодинамика заңдарын, энергияны түрлендіру және тарату заңдарына негізделген жылу процестерін сипаттау ұғымдарын, әдіснамасын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Термодинамикалық жүйелердің, жылу қозғалтқыштарының циклдерінің сипаттамаларын есептеу бойынша Техникалық термодинамика мәселелерін шеше білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Энергиянын сақталу және түрлену тұғысынан термодинамикалық есептерді шеше білу, жылу циклдарының ПӘК бағалау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Командада термодинамикалық талдау негізінде күрделі есептерді шеше білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Термодинамикалық заңдылықтар негізінде жаңа білімді игеруге және мамандықтың бейіндік пәндерін түсінуге дайын болу