Жылу станциялары мен қазандықтарды жобалау

Сарсенова Айжан Аскербеккызы

Оқытушының портфолиосы

Нургалиева Асель Тлеубековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерді жылу электр станциялары мен қазандықтарды жобалау, есептеу және оңтайландыру саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастырады. Пәнді оқу барысында ЖЭС және қазандықтардың түрлері, олардың конструктивті және технологиялық схемалары, есептеу әдістері, жобалық құжаттама және жылумен жабдықтау, желдету және ауаны баптау жүйелеріне қойылатын нормативтік талаптар қарастырылады. Игеру нәтижесінде студенттер жылу энергетикалық қондырғыларының жобаларын әзірлеп, талдай алады, жұмыс және жобалық құжаттаманы рәсімдей алады, сондай-ақ олардың жұмысына техникалық-экономикалық баға бере алады

Кредиттер саны: 8

Пререквизиты:

  • Жылумен қамтамасыздандыру жүйесі

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 45
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 45
СӨЖ 120
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттердің өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылу энергетикалық жүйелерінің жалпы принциптері, құрылымы және жұмыс істеуі, жылу электр станциялары мен қазандықтарды жобалау және пайдалану негіздерімен есептер шығару және шешу туралы білім алуы
Міндет
  • Осы оқудың нәтижесінде студент: білу: - жылу электр станцияларының (ЖЭС) және қазандықтардың негізгі түрлері, олардың мақсаты, орналасу шарттары мен параметрлері. - жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу жүктемелерін есептеу. - ЖЭС және қазандықтардың принципті жылу схемаларын есептеу әдістемесі. білу: - Өнеркәсіптік жылу электр станциялары мен қазандықтардың әртүрлі типтерінің принципті жылу схемаларын жасау және есептеу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жылу станциялары мен қазандықтарды жобалаудың негізгі кезеңдерін білу. Жылумен қамтамасыз ету сұлбаларын таңдау, жабдықтарды орналастыру және жүктемені есептеу қағидаларын түсіну. Нормативтік құжаттар талаптары мен жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздерін түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жылу техникалық және гидравликалық есептеулерді орындау. Қазандықтар мен ЖЭС жобалау кезінде стандарттар мен әдістемелерді қолдану. Жабдықтар мен инженерлік коммуникациялар орналастыру сұлбаларын әзірлеу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Энергоүнемділік пен үнемділік тұрғысынан жобалық шешімдердің тиімділігін бағалау. Жылумен қамтамасыз етудің баламалы сұлбаларын салыстыру және оңтайлысын таңдау. Пайдалану шарттарын ескере отырып, жабдық пен технологияны дәлелді негіздеу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жобалық шешімдерді техникалық аудитория алдында ұсыну және қорғау. Жобалық-техникалық құжаттаманы талаптарға сәйкес жасақтау. Инженерлік этиканы сақтай отырып, жобалау топтарында және өзге салалар мамандарымен ынтымақтастықта жұмыс істеу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • AutoCAD сияқты жобалауға арналған жаңа бағдарламаларды меңгеру. Энергетикалық объектілерді жобалаудағы заманауи үрдістерді бақылау. Жылу энергетикасындағы инновациялық технологияларды талдау және жобалық шешімдерге енгізу.