Жол шарттары және қозғалыстың қауіпсіздігі

Конарбаева Гульнур Нурлыбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бүл пән қажетті білім алуға мүмкіндік береді: жолдың көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын анықтау; жолдың көлік құрылысы ретінде жұмыс істеу ерекшеліктері; нақты жол жағдайларында көлік ағындарының қозғалыс заңдылықтары, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді шешу.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Инженерлік білім беруге кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Курсты зерттеу курстық жобаны жүзеге асыруды қамтиды

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттердің алған білімдерін келешекте тәжірибеде автомобиль жолдарын тексеруді ұйымдастыру кезінде қолдана білулері; көлік ағынының қозғалыс қауіпсіздігі мен жолдың пайдалану көрсеткіштерін бағалай білулері; қозғалыс қауіпсіздігін және жолдың көліктік-пайдалану сапа көрстекіштеріне байланысты кешенді шараларды ұйымдастыра білу болып табылады.
Міндет
  • Пәнді оқытудың негізгі міндеті болып – жолдың көліктік-пайдалану сипаттамаларымен, жол көрсеткіштерін пайдаланудың бағалау әдістерімен, қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату тәсілдері және қауіпті телімдерін анықтаумен таныстыру болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жолдың көліктік жұмысының негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын; көліктік құрылым ретіндегі жол жұмысының ерекшеліктерін; нақты қозғалыс жағдайларындағы көлік ағыны қозғалысының заңдылықтарын білу қажет.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Теориялық білімін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты міндеттерді шешуде қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Теориялық білімін автомобиль жолдары жұмысының тиімділігін арттыруда жағдай жасауға қолдана білуі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Конструкторлық және ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру барысында профессионалды қызметтің маманға қоятын білім мен оқудың біліктілік талап сипаттарының деңгейіне жету.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті профессионалдық қызметте қажетті жаңа арнайы білімінің дағдысын игеру және магистратурада білімін жалғастыру.