Жол-көлік оқиғасын сараптау
Сипаттама: Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) объективті себептерін және оның мән-жайларын анықтауға, ЖКО бойынша құқықтық шешімге сапалы техникалық негіз жасау үшін оның барлық фазаларында ЖКО қатысушыларының іс-қимылының үрдісі мен сипатының даму серпініне байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Автокөлік құралдары
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Білім алушы алған білімдері мен дағдыларын пайдалану негізінде тасымалдау қызметін ұйымдастыру және көлік үрдісінің қауіпсіздігі кезінде ұйымдастырушылық, ғылыми және техникалық міндеттерді сауатты шеше алуы үшін ЖКО-ны тексеру және сараптау әдістерін білу негізінде өндірістік міндеттерді шешуге дайындау.
Міндет
- Автомобиль жолдары мен қалаларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ЖКО сараптамасын жүргізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ЖКО-ның негізгі себептерін, ЖКО-ны тергеудің жалпы қағидаларын, арнайы ЖКО-ын тергеу ерекшеліктерін, ЖКО-ын сараптау негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- ЖКО орнын қарау, ЖКО қатысушыларының қозғалысын есептеуді қоса алғанда, ЖКО-ға сараптамалық зерттеу жүргізу, ЖКО-ның алдын-алудың техникалық мүмкіндігін зерттеу, көлік құралдарына сараптама жүргізу және бағалау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- ЖКО жағдайларын сараптамалық зерттеу, ЖКО-ның сараптамасын автоматтандыруды қоса алғанда, ЖКО-ын алдын-алудың техникалық мүмкіндігін зерттеу кезінде ЖКО-на қатысушыларының қозғалыс ерекшеліктері мен сипатын ескеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ЖКО сараптамасын жетілдіру есебінен тасымалдау қызметтерін ұйымдастыру және көлік үрдісінің қауіпсіздігі саласында кәсіби қызметпен талап етілетін білімдер мен іскерліктерге маманның біліктілік сипаттамаларына қойылатын талаптар деңгейіне қол жеткізу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызмет пен мамандық бойынша білім алуды жалғастыру үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру.