Көлік құралдарынның қауіпсіздігі
Сипаттама: Пән автокөлік құралдарының қауіпсіздігін және олардың экологиялық қауіпсіздігін анықтайтын негізгі конструктивтік және пайдалану факторларын, сондай-ақ көлік құралдарының конструкциясы мен пайдалану шарттарын жетілдіру есебінен жол жүріс қауіпсіздігін арттыру әдістерін зерделеуді қарастырады
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Автокөлік құралдары
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Білім алушыларда көлік құралдарының қауіпсіздігі, көлік құралдарының конструктивтік қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды нормативтік реттеу және стандарттау, олардың қоршаған ортаға әсері туралы негізгі ұғымдар саласында кәсіби білім жүйесін қалыптастыру.
Міндет
- Білім алушыларда көлік құралдарының конструктивтік қауіпсіздігі (белсенді, пассивті, авариядан кейінгі және экологиялық қауіпсіздік) саласында кең теориялық дайындықты құру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Көлік құралдарының конструкциясына қойылатын негізгі техникалық-экономикалық талаптарды және оларды іске асырудың қолданыстағы ғылыми-техникалық құралдарын, көлік құралдары қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерін анықтаудың есептік және тәжірибелік әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Көлік құралдарының конструктивтік қауіпсіздігінің негізгі жүйелері мен элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу дағдысын, көлік құралдарының конструкциясына және олардың техникалық деңгейіне талдау жасай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Көлік құралдарын пайдалану және жол қозғалысын ұйымдастыру процесінде қауіпсіздік көрсеткіштерінің конструктивтік ерекшеліктері мен өзгеру сипатын ескеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Көлік құралдарының конструктивтік қауіпсіздігін жетілдіру есебінен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында кәсіби қызметпен талап етілетін білімдер мен іс-әрекеттерге маманның біліктілік сипаттамасына қойылатын талаптар деңгейіне қол жеткізу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызмет және мамандық бойынша білім алуды жалғастыру үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру.