Халықаралық тасымалдау
Сипаттама: «Халықаралық тасымалдау» пәні мыналарды қарастырады: халықаралық автомобиль тасымалдарын құқықтық реттеу ерекшеліктері; тауарларды халықаралық жеткізу шарттары; халықаралық конвенциялар мен келісімдердің талаптарын ескере отырып, жүк және жолаушы автомобиль көлігінің жұмысын ұйымдастырудың техникалық талаптары мен ерекшеліктері.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Біртұтас көлік жүйесі
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты – халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастырудың теориялық негіздерін оқу; сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудағы көліктің рөлі туралы түсінік қалыптастыру; халықаралық автомобиль тасымалдарының ұйымдық-құқықтық және экономикалық негіздерін зерттеу; халықаралық тасымалдауда жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды басқару және ұйымдастыру әдістері мен мәселелерімен таныстыру.
Міндет
- - жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру саласында еркін бағдарлау; - көлік саласындағы халықаралық ұйымдардың негізгі нормативтік құжаттарымен танысу; - жүктер мен жолаушыларды тасымалдау үшін халықаралық бағыттар бойынша көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру принциптерін зерделеу; - студенттердің халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастырудың технологиялық сұлбаларын жасауда практикалық дағдыларды меңгеруі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - халықаралық тасымалдауда автомобиль көлігін коммерциялық пайдалану және басқа көлік түрлерімен жұмысты үйлестіру бойынша принципті жаңа ғылыми, өндірістік және ұйымдастырушылық шешімдерді заманауи деңгейде қолдану және енгізу мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- халықаралық тасымалдауда жолаушылар мен жүктерді тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға қолайлы жағдай жасау үшін теориялық білімдерін пайдалана білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру және басқару саласындағы базалық білімді меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Өндірістік жағдайларда тапсырмаларды шеше білу және басқару шешімдерін қабылдау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы маманның біліктілік сипаттамаларына қойылатын талаптар деңгейіне жету