Жолаушыларды тасымалдау
Сипаттама: Пән жолаушылардың автомобиль көлігінде жүрісін ұйымдастыру мен басқарудың теориялық және тәжірибелік негіздерін, қаланың жоспарлау құрылымымен өзара байланыстағы бағыттар түрлерін, қатынас түрлерінің барлық түрлерінде тасымалдау процесін оңтайландыру әдістерін; халықты тасымалдау сапасын арттырудағы маңызды элемент ретінде жолаушылар ағындарын тексеру жүргізу әдістері мен нәтижелерін игеруді қарастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Біртұтас көлік жүйесі
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Пәннің қорытынды бақылауы: емтихан тапсыру |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Халықтың қозғалуына сұранысты толық қанағаттандыруды қамтамасыз ететін жолаушылар автомобиль көлігін ұйымдастыру мен басқарудың негізгі теориялық, тәжірибелік және әдістемелік ережелерін зерделеу
Міндет
- Жолаушыларға көліктік қызмет көрсету жүйесінің және оның кіші жүйелерінің Жолаушыларға Көліктік қызмет көрсету жүйесінің және оның кіші жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары туралы түсініктерді қалыптастыру; жолаушылар автокөлік процесін ұйымдастырудың негізгі әдістері мен тәсілдерін игеру; автокөлік құралдарын пайдаланудың техникалық-пайдалану көрсеткіштерін зерделеу; Көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың практикалық міндеттерін шешу бойынша дағдыларды алу, жолаушыларды тасымалдау процестерін қамтамасыз етудің технологиялық шешімдерін әзірлеу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- жолаушылар автомобиль көлігін коммерциялық пайдаланудың қазіргі заманғы деңгейде жаңа ғылыми, өндірістік, ұйымдастырылуы үшін және басқа көлік түрлерімен жұмысын үйлестіруде шешімді қолданып және жүзеге асыра білу қажет
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- жолаушыларды тасымалдау үрдісінің тиімділігін арттыруға жасалатын, жағдайды құру үшін теориялық білімін қолдана білу қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жолаушылар тасымалын басқару мен ұйымдастыу саласындағы негізгі білімін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Қойылған міндеттерді шеше білу қажет және өндірістік жағдайларда басқару шешімін қолдана білу керек.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы және одан әрі оқыту үшін маманның біліктілік сипаттамасына қойылатын талаптар деңгейіне қол жеткізу