Инженерлік білім беруге кіріспе

Байгереев Самат Ракимгалиевич

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән инженерия және инженерлік білім туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Инженерияның нысаны мен пәні зерделенеді. Пәнде инженерлік білім берудің мақсаты мен міндеттері, болашақ маманның оқу процесінде алған құзыреттері, білімдері, біліктері мен дағдылары ашылады. Пәнді оқу барысында білім алушылар білім беру процесінің құрылымы мен кезеңдерімен, сабақтардың, практикалардың түрлері мен нысандарымен, аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастырумен танысады. Пәнде ғылыми-зерттеу жұмысының, қосымша білім берудің, жұмысшы мамандықтарын алудың маңыздылығы ашылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
диф.сынақ
Қорытынды бақылау нысаны диф.сынақ
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • "Инженерлік Іс " бағдарламалар тобында "Автокөлік құралдары" бағыты бойынша маман даярлаудың білім беру бағдарламасымен танысу"
Міндет
  • Инженерия және инженерлік білім, инженерия объектісі мен пәні туралы ұғымдарды зерттеу. Инженерлік білім берудің мақсаты мен міндеттерімен танысу. Оқу процесінде алынған құзыреттерді, білімді, білік пен дағдыларды түсіну. Оқу процесінің құрылымы мен кезеңдерімен, сабақтардың, практиканың, аралық және қорытынды бақылаудың түрлері мен формаларымен танысу. Білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысымен танысу. Зияткерлік меншік және СҒЗЖ нәтижелерін патенттеу. Қосымша білім беру, инженерлік даярлау бағытына сәйкес жұмысшы мамандықтарын алу. Ішкі тәртіп ережелерімен және білім беру процесіне қатысты нормативтік құжаттармен танысу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Инженерияның объектісі мен пәнін, инженерлік білім берудің мақсаттары мен міндеттерін білу. Оқу процесінде игерілетін құзыреттерді, білімді, іскерлікті және дағдыларды түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Ары қарай білім беру бағдарламасының пәндерін оқу кезінде инженерлік білім беру объектісі, пәні және құзыреттілік, білім, білік және дағдыларды түсіну, білімін қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Болашақ кәсіби қызмет үшін оқу пәндерін терең оқу және практикалық дағдыларды игеру қажеттілігі туралы пайымдауды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Білім мен дағдыларды табысты іске асыру үшін коммуникативті қабілеттерді дамыту
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • кейіннен магистратура мен докторантурада білім алу үшін зерттелетін мәселелерді өз бетінше зерделеу дағдыларын игеру