Түрлі түсті металлдарды алудың электрохимиялық негіздері

Жанузакова Лязат Нарыновна

Оқытушының портфолиосы

Бахтиярова Зухра Маратовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Білім алушыларға металлургия өндірісінің теориялық негіздері, қазіргі жағдайы және тәжірибелік қосымшасы туралы нақты түсінік алуға мүмкіндік береді. Оқыту барысында химиялық термодинамика және электрохимиялық реакциялардың кинетикасы, электролиз арқылы металдарды алу мен тазартудың заманауи тәсілдері, сондай – ақ оларды практикалық қызметте қолдану үшін жаратылыстану-ғылыми сипаттағы терең білімдер қалыптасады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Химия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан жазу

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • "Түсті металдарды алудың электрохимиялық негіздері" курсы Металлургия мамандығының студенттеріне осы ғылымның теориялық негіздерін, металлургиялық өндірістегі қазіргі жағдайы және практикалық қолданулары туралы нақты түсінік беру мақсатында жүргізіледі. Пәнді оқытудың мақсаты студенттерді электродтық процестердің термодинамикасы мен кинетикасымен, түсті металдарды электролиттік жолмен алудың теориялық негіздерімен таныстыру болып табылады.
Міндет
  • "Түсті металдарды алудың электрохимиялық негіздері" курсының міндеті студенттердің химиялық термодинамика және электрохимиялық реакциялардың кинетикасы, электролиз арқылы металдарды алу мен тазартудың заманауи тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыру, сонымен қатар практикалық қызметте қолдану үшін бакалаврларды жаратылыстану – ғылыми сипаттағы терең біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - электрохимиялық реакциялардың термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын білу және түсіну;
  • - түсті металдарды электролиттік тазарту және алу процестерінің негізгі заңдылықтарын білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - электрохимиялық реакциялардың жүруінің термодинамикалық және кинетикалық есептеулерін жүргізу;
  • - түсті металдарды электролиттік тазарту және алу процестерінің технологиялық есептеулерін жүргізу.
  • - электрохимиялық үдерістерге зертханалық зерттеулер жүргізу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - электрохимиялық үдерістерді есептеулерді орындау нәтижелері негізінде қорытынды және тұжырымдамалар жасау;
  • - электрохимиялық процестерді зерттеу нәтижелері негізінде қорытындылар мен тұжырымдамалар жасау;
  • - тақырыптық әдеби шолулар жүргізу және талдау негізінде қорытынды жасау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - орындалған зертханалық-зерттеу жұмыстары бойынша есептемелер жасау;
  • - зерттеу жұмыстарын орындау нәтижелері бойынша ақпарат беру;
  • - командада жұмыс істеп үйрену
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - электрохимиялық процестер мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау негізінде проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын табу қабілеті;
  • - электрохимиялық үдерістердің проблемалық мәселелерін шешу бойынша зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау қабілеті.
  • - білімді жетілдіру және одан әрі оқыту дағдысының болуы